Fake News

Қазақстанда жақын арада карантиннің алынатыны туралы қауесеттер фейк болып шықты

Stopfake.kz редакциясының WhatsApp-номеріне оқырманнан өтініш келіп түсті. Ол таныстары жіберген видеоны растауды немесе жоққа шығаруды сұраған. Видеожазбада тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат анонс оқып, келесі аптада еліміздің барлық аумағында карантиндік шектеулер алынып тасталуы мүмкін екенін айтады және Qazaqstan телеарнасынан кешкі жаңалықтар шығарылымын көруге шақырады.

Бұл ақпараттың фейк екендігін Армангүл Тоқтамұраттың өзі айтты. Бүгін сағат 14.00-де тележүргізуші бұл видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялап, оның бір ай бұрын Үкіметте карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі талқыланған кезде түсірілгенін жазған. Бұл кадрлардың қазіргі жағдайға қатысы жоқ.

Ал пікірлерге бүгіннен бастап демалысқа шыққанын жазған. Өзінің қатысуымен түсірілген видеоның кеңінен таратылып, адамдарды адастырғаны ол үшін күтпеген жағдай болған.
Сіздерді тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button