Конспирология: «ПТР тест арқылы чиптер мен наноботтар енгзіледі»
Әлеуметтік желілерде COVID-19 ПТР тест кезінде адамдарға чиптер салынатыны туралы ақпарат таратылуда. Бұл туралы АҚШ федералды Төтенше жағдайлар агенттігінің (FEMA) бұрынғы қызметкері Селеста Солум айтқан екен. Хабарламадағы ақпарат жалған және онда қастандық теориясының белгілері бар.
Әр түрлі елдердің әлеуметтік желілерінде жарияланған хабарламалар мен видеолардағы Селеста Солум іс жүзінде FEMA-да жұмыс істемеген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар агенттігінің өкілі Reuters агенттігіне берген сұхбатында хабарлады.
Солум мәлімдемесінде екі қастандық теориясы бар. Оның айтуынша, «ПТР тест арқылы адамдарға «наниттер» деп аталатын чиптер салынады және бір уақытта адамдардан ДНҚ үлгілері алынады.
ПТР тест арқылы чиптеу пандемия басталған кезде қолға алынды деп айту қисынсыз. Бұл диагностикалық әдіс 30 жылдан астам уақыттан бері әртүрлі ауруларды, соның ішінде генетикалық ауруларды диагностикалау үшін қолданылып келеді. ПТР арқылы чиптеу -бұл ғылыми дәлелдері жоқ конспирологиялық теория.
Сонымен қатар оны USA Today тәуелсіз фактчекерлері де жоққа шығарды.
ПТР көмегімен ДНҚ жинайтыны туралы мәлімдеме де жалған.
ПТР сынағы (полимеразды тізбекті реакция) ДНҚ жинауға емес, вирустың РНҚ шығаруға бағытталған.
«Ешкім ештеңе енгізбейді. ДНҚ алынбайды. Мұрыннан жақпа алған кезде COVID-19 вирусын іздейтін вирустық РНҚ ғана алынады», – деді доктор Дейл Братцлер «Oklahoma’ s News 4» берген сұхбатында/
Демек, хабарламада тек ғылыми фактілермен расталмаған жалпы қастандық теориялары ғана айтылған. Бұған дейін біз чиптердің COVID -19 қарсы вакциналарда болатыны туралы фейкті жоққа шығарған болатынбыз.