Fake NewsАлаяқтық

Алаяқтар Қарағанды облысының мансап орталықтарының атынан жұмыссыздарға қоңырау шалады

Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. Жұмыссыздарға облыстың қалалары мен аудандарының мансап орталықтары қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, өтеусіз гранттар мен әлеуметтік төлемдер ұсынылады.

Бұл туралы ведомство өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

«Соңғы уақытта алаяқтардың жеке шағын бизнесті дамыту үшін өтеусіз гранттар алуда немесе жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауда көмек көрсету ұсыныстарымен қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кетті.
Әңгіме барысында алаяқтар өздерін мансап орталықтарының қызметкерлері деп таныстырады, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат пен қауіпті фишингтік сілтемелері бар электрондық хаттар таратады.

Алаяқтар мынадай әдістерді қолданады:
– жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем ресімдеуде;
– қайтарымсыз, өтеусіз гранттар алуда;
– есептелген атаулы әлеуметтік көмек туралы хабарлап, ақша қаражатын алуда өз көмегін ұсынады, осылайша төлем карталарының деректерін біліп алады және т. б.;
– телефон нөмірлерін нақты ұйымдардың, мемлекеттік қызметтердің және жұмыс берушілердің телефондарына ауыстырады.

Мансап орталықтарының қызметкерлері:
– жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді ресімдемейді;
– грантқа үміткерлер арасында жеңімпаздарды іріктеу жөніндегі арнайы уәкілетті комиссияның шешіміне әсер ете алмайды;
– қолма-қол ақша алуға көмек көрсетпейді;
– кез келген ақшалай төлемдерге ешқандай қатысы жоқ;
– өз қызметтері мен іс-шараларға қатысқаны үшін ақша талап етпейді.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы барлық қызметтер Enbek.kz порталы арқылы тегін офлайн және онлайн түрде ұсынылады.

Сұрақтар бойынша+ 7 (775) 644 35 80 (WhatsApp) телефонына қоңырау шалуды немесе жазуды сұраймыз», – деп хабарлайды Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығының баспасөз қызметі.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button