Манипуляция: «Швейцария гвардияшылары Ватиканның міндетті вакцинация туралы талабынан кейін отставкаға кетті»
Әлеуметтік желілерде Рим Папасын күзететін швейцариялық гвардияшылар міндетті түрде COVID -19 қарсы вакцинация туралы ұйғарымнан кейін отставкаға кетті деген ақпарат таратылуда. Шын мәнінде, Рим Папасы гвардиясыз қалған жоқ.
Ватикан 2021 жылдың 1 қазанынан бастап вакцинация паспортын ұсыну туралы ұйғарым шығарды. Оған сәйкес, Ватиканға барғысы келетіндердің барлығы Green Pass (Италияда қолданылатын вакцинация сертификаты), кез-келген халықаралық сертификатты немесе кемінде 72 сағат бұрын жасалған коронавирусқа ПТР тестінің теріс нәтижесін ұсыну керек.
Бұл ұйғарым бойынша, Швейцария гвардиясының барлық мүшелерінен вакцинациядан өтуді өтінген, өйткені олар басқа адамдармен және Папамен жақын жұмыс істейді.
135 гвардияшының алтауы вакцина алудан бас тартты. Кейіннен 3 адам шешімін өзгертсе, 3-і отставкаға кеткен.
Міндетті вакцинация «әлемдегі басқа қарулы күштердің шараларымен келісілетін шара», — деді Швейцария гвардиясының өкілі Урс Брайтенмозер Ватикан тілшілеріне.
Әлеуметтік желілерде тараған хабарламада жалпылама анықтама әдейі қолданылады. Бұл манипуляция.