Fake News

Тәжікстан: ақпаратты бақылау және фейк таратқаны үшін жазалау қалай жүзеге асырылады

Пандемия кезіндегі арнайы заң, айыппұлдар, түзеу жұмыстары және түрмеге қамау. StopFake.kz Орталық Азиядағы ең кішкентай ел Тәжікстанның жалған ақпарат таратумен қалай күресетіні жайлы айтып береді.

 

Интернет бәріне бірдей қолжетімді емес

RSF-тың хабарлауынша, Тәжікстан билігі жаңа технологияларды қолдана отырып, коммуникацияларды бақылауды күшейтуді жалғастыруда. Ресурстар, сайттар немесе басылымдар «қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында» бұғатталуы мүмкін. Сондай-ақ, елде әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қызметі жиі шектеледі. Елдегі ақпараттық кеңістікті Байланыс қызметі бақылайды.

Тәжікстанда 9 миллион адам тұрады. Олардың 700 мыңы ғана әлеуметтік желілерді пайдаланады. Сонымен қатар, 3,18 миллион тұрғын Интернетті тұрақты түрде қолданады. Бірақ базалық тарифтің құны әлемдегі ең жоғары тарифтердің бірі болып табылады. Тәжікстан интернеті ең қымбат және баяу елдердің қатарында. Байланыс қызметі Интернет жылдамдығын арттыру үшін Digital CASA жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Заңдар

Тәжікстан Республикасының Конституциясысымен (30-бап 1 Б.) әркімге сөз, баспасөз бостандығына, ақпарат құралдарын пайдалану құқығына кепілдік беріледі.

«Ақпарат туралы» заңда (4-бап) ақпараттық қатынастардың негізгі қағидаттары жазылған.

Сонымен қатар, 25-бапқа сәйкес, еркін ақпаратқа қолжеткізу құқығын шектеуге тыйым салынады.

Ал Тәжікстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 31-бабы бойынша ашық ақпарат ұсынудан бас тартқаны немесе пайдаланушыларға көрінеу жалған ақпарат бергені үшін сотқа шағымдануға болады.

38-бапта азаматтар мен заңды тұлғалар шындыққа жанаспайтын ақпарат ұынғаны; ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратқаны үшін жауапқа тартылатыны айтылған.

Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік

2020 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында эпидемия туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы Заң қабылданды. Тәжікстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қылмыстық кодекске COVID-19 таралуын болдырмауға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Тәжікстанның ӘҚБтК-нің 374-1-бабына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе Интернетте жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға 580 сомони (58 доллар) айыппұл салынады немесе 10-нан 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады. Заңды тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 11 мың 600 сомони (1160 доллар).

Жарылыстың дайындалып жатқаны, өрт немесе адамдардың өлу қаупін тудыратын өзге де әрекеттер туралы көрінеу жалған хабарлама үшін елдің Қылмыстық кодексінде (180-бап) 2 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы ақпаратты жасырғаны үшін (208-бап) 29000 сомони (2800 доллар) мөлшерінде айыппұл слынады немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

«Жала жабу» және «Қорлау» баптары 2012 жылы Тәжікстанның Қылмыстық кодексінен алынып тасталды. Қазір журналистерге қатысты істер азаматтық соттарда қаралады.  Бұзушылықтар үшін Әкімшілік бұзушылықтар туралы кодекстің талаптарына сай айыппұл салынады. Бұрын Қылмыстық кодекске сәйкес, түзету жұмыстарына тарту, айыппұл салу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған болатын.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button