Fake News

Фейк: «Канадада әйел өрт сөндірушілер ерлерден артық екендерін дәлелдеу үшін Ұлттық саябақты өртеп жіберді»

Пайдаланушылар әлеуметтік желілерде жазғандай, Канадада әйел өрт сөндірушілер өртті ерлерден артық сөндіретіндерін дәлелдеу үшін Банф ұлттық саябағын өртеп жіберген. Бұл рас па? Анықтайық.

Канадада Банф ұлттық саябағындағы өрт 2023 жылғы 4 мамырда орын алған. Бұл кезде әйел өрт сөндірушілердің тәжірибе алмасу конференциясы өтіп жатқан. Кездесу бағдарламасында ауданы 28 гектарды құрайтын саябақ аумағындағы бақыланатын өрт те қарастырылған. Аумақта саябақтың өрт қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және жас өсімдіктердің өсуіне жол бермейтін құрғақ ағаштар мен бұталар көп өскен.
Бастапқыда бәрі жоспарға сай болды. Алайда сол күні сағат 16 шамасында желдің бағыты кенеттен өзгеріп, өрт басқа аумақтарға тарады. Тілсіз жау өрт сөндіруші әйелдер мен басқа бөлімшелерден шақырылған әріптестерінің күшімен сағат 23.00-ге дейін ауыздықталды. Оқиға салдарынан жоспарланғаннан үш гектар артық өртенген. 
Банф ұлттық паркін толығымен жою мәселесі тұрған жоқ. Сонымен қатар, өрттің таралуына әйел өрт сөндірушілердің өз артықшылықтарын дәлелдеуге деген ұмтылысы емес, желдің бағытының өзгеруі себеп болды.
Демек, таралған ақпарат өтірік және манипуляция.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button