Fake News

Қазнетте уланған маскалар туралы бұрынғы фейк тағы да таратылуда

Қазақстандықтар үйлерді аралап, өздерін волонтер ретінде таныстырып, есірткі заттарға малынған маскалар таратып жүргендер туралы ақпаратты қайтадан тарата бастады. Масканы таққан адам есінен танып қалады, ал қаскүнемдер пәтерлерді тонайды екен. Бұл ескі фейк бізге Желінің ағылшын тілді сегментінен келген.


2020 жылы маусымда Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Германия, Оңтүстік Африка, Испания, Үндістан және Сингапур қолданушылары да дәл осындай ескерту таратқан болатын. Ол кезде бұл елдердің полициясы мұндай қылмыстар тіркелмегенін және бұл хабарламалар фейк деп мәлімдеген.
Кейіннен уланған маскалар тарататын тонаушылар туралы ақпарат Мордовия, Якутия және Қырғызстанда пайда болды. Фактчекерлер оған ешқандай дәлел таппады.
Есірткіге малынған бетперде туралы хабарлама Қазнетте 2020 жылы қазан айында тарала бастады. Біз оған сенудің қажеті жоқ деп жазған болатынбыз.

Әлеуметтік желілерде уланған маскалар туралы фейк таратылуда

Демек, өздерін волонтерлар деп таныстырып, адамдарға уланған маскалар тарататын қаскүнемдер туралы ақпарат – бұған дейін әр түрлі елдерде бірнеше рет теріске шығарылған ескі фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button