Елордада сағат 23.00-ден кейін жүруге тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған – әкімдік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұрғындары мен қала меймандарына бүгіннен бастап түнгі 23.00-ден кейін жаяу жүруге тыйым салынатыны туралы бұған дейін ақпарат тараған болатын. Қала әкімдігі бұл ақпараттың жалған екенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сағат түнгі 23.00-ден кейін жаяу жүруді шектеу туралы бап жоқ. Тек шынайы әрі ресми хабарламаға сенуге шақырамыз. 2020 жылдың 3 шілдесінде жарияланған бұрынғы қаулы ережелері 2020 жылдың 2 тамызына дейін күшінде болады. Сонымен бірге қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысы әзірге жанданбайды», – деп хабарлады әкімдіктен. «2020 жылдың 3 шілдесінде жарияланған бұрынғы қаулы ережелері 2020 жылдың 2 тамызына дейін күшінде болады. Сонымен бірге қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысы әзірге жанданбайды», – деп хабарлады әкімдіктен. Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы әзірге жанданбайтынын хабарлаған еді. «Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты, елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар туралы жолға шығар алдында қосымша хабарлаймыз», – деп хабарлады әкімдіктен.