Жаңалықтар

Фейк: «Адамдарды бақылайтын білезіктер тағуға міндеттейді»

Қазнет қолданушылары жақын арада Канадада бақылайтын білезік тағу міндетті болатыны туралы хабарлады. Әлеуметтік қашықтық бұзылған кезде құрылғылар дірілдейді және COVID-19 тестінің нәтижесі оң адамға жақындаған кезде дыбыстық сигнал шығарады. Бұл жаңалықты түсіндіріп өтейік.


COVID-19 жұқтырған адамдармен байланысты және әлеуметтік қашықтықты сақтауды бақылауға мүмкіндік беретін білезіктер бар. Биыл ақпан айында Онтарио премьері Даг Форд осындай портативті құрылғылар жасауға 2,5 миллион доллар инвестиция салуды қолдады.
Алайда Онтарио тұрғындары оның шешімін қолдамады. Олар мұндай инвестицияны мағынасыз және қауіпті деп тапты, өйткені байланыстарды бақылайтын білезіктер бостандық пен жеке өмір құқығын бұзады. 
Содан бері бақылау білезіктерін енгізу жоспарлары туралы ақпараттар болған жоқ. Бүгінгі таңда бұл технология Онтариода да, Канаданың басқа аймақтарында да қолданылмайды.

2020 жылы елде COVID-19 жұқтырған адамдармен байланыс туралы ескерту үшін бірыңғай қосымша іске қосылды. Онда жақын жердегі басқа құрылғылармен деректер алмасу үшін Bluetooth сигналдарын пайдаланылады. Бұл ретте қосымша GPS деректерін, жеке ақпарат, мекен жай, телефон нөмірі және басқа да құпия мәліметтерді ала алмайды.
Қосымшаны пайдалану Канада тұрғындары үшін міндетті емес. Технология іске қосылғаннан бері бір жылдан астам уақыт ішінде оны елдің 36 316 тұрғыны ғана пайдаланған.

Демек, Канадада міндетті түрде білезік тағу туралы ақпараттар асыра сілтеушілік болып табылады. Мұндай құрылғылар жасауға инвестиция салу мүмкіндігі елдің бір аймағында ғана қарастырылды, дегенмен, бүгінгі күні білезіктерді қолдана бастайды деген ақпарат жоқ. Канадада ауру адамдармен байланыс туралы ескертетін қосымша жасалды, бірақ оны пайдалану ерікті болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button