Fake News

Нұр-Сұлтан әкімдігі: Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттері бастауыш сыныптарға сабақ бермейді

Facebook-тегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында мектептерде ашылатын кезекші сыныптарға «педагогикалық колледждердің студенттері сабақ береді екен» деген хабарлама жарияланды. Автордың айтуынша, бұл туралы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі айтқан.

 

Істің мән-жайын анықтау үшін StopFake редакциясы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына хабарласты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Колледж студенттері оқыту барысында педагогтардың көмекшілері ретінде ғана тартылады.

 

«Бастауыш сынып мұғалімдері тапшы мектептерде тәжірибелі педагогтарға қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында қосымша жүктеме ұсынылады. Гуманитарлық колледждің 4 курс студенттері педагогтардың көмекшілері ретінде тартылады. Олар қашықтан оқыту барысында техникалық және басқа да көмек көрсетеді», — деп түсіндірді Басқарманың баспасөз қызметіндегі.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ақпараттық ресурсы хабарлағандай, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші топтар құрылады. Әлеуметтік қашықтықты ұйымдастыру үшін оқушылар 10-15 баладан топтарға бөлінеді. Бұл ретте барлық қажетті санитарлық нормалар орындалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button