Fake News

Фейк: «Гаага соты Билл Гейтсті геноцид жасағаны үшін ату жазасына кесті»

Қазақстандықтар WhatsApp-та Билл Гейтс пен тағы алты адамды геноцид және COVID-19 пандемиясы сияқты әлемдік қастандық үшін ату жазасына кескендігі туралы дауыстық хабарлама таратуда. Осы сот шешімімен үш жүзден астам адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды. 

Біріншіден, бас кеңсесі Гаагада орналасқан Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот кімнің болса да ату жазасына кес алмайды. 1982 жылы қабылданған Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияға №6 хаттамаға сәйкес бейбіт уақытта өлім жазасына кесуге тыйым салынады.

Екіншіден, адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың ресми сайтында COVID-19 пандемиясымен және ауруға қарсы вакцинациямен байланысты геноцид ісі туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Үшіншіден, осы күндері Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотта Билл Гейтске қатысты үкімнің шығарылуы екіталай, өйткені ол қазір Гаагада емес, Сеулде. 16 тамызда ол Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёлмен кездесті. 

Гейтстің геноцид үшін қамауға алынуы немесе үкімі туралы қауесеттерге келетін болсақ, олар бұрыннан таралуда. COVID-диссиденттер сот шешімдерін үнемі бұрмалайды немесе осы тақырыпта жалған жаңалықтар таратады.

Сондай-ақ, хабарламада әлемде карантиндік шектеулердің бәрін алынып тасталды және вакцинация тоқтатылғаны туралы айтылған. Бұл да шындыққа жанаспайды. Эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз бірқатар елдерде шектеулер әлі де бар, ал COVID-19 қарсы вакциналар қолжетімді. Вакцинация COVID-19 алдын алудың ең сенімді әдісі екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар COVID-19 ауруы жоқ дегенге де сенуге негіз жоқ. Ауру қоздырғышы – SARS-CoV-2 коронавирусы оқшауланған және оның геномы ашылып, көпшілікке жарияланды.

Демек, тараған хабарлама – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button