Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар адамзатты жояды»
Қазақстандықтар желіде COVID-19-ға қарсы вакциналар бүкіл адамзатты жоюы мүмкін деген теорияны талқылауда. Олардың сөзінше, вакцинацияланған адамдар екпе жасатпағандарға мутацияланған вирусты жұқтырып, планетаның бүкіл халқы өледі. Бұл олай емес.
Бұл теория доктор Ванден Босшенің ашық хатына негізделген. Онда COVID-19 қарсы вакциналар жер халқын құртуы мүмкін екендігі туралы зерттеулер немесе ғылыми дәлелдер жоқ.
Сонымен қатар, мамандар доктор Босшенің ашық хаты мен 1998 жылы қызылшаға қарсы вакцинаның аутизмнің дамуына әсерін зерттеуді бұрмалаған бұрынғы дәрігер Эндрю Уэйкфилдтің теориясына ұқсас екендігін атап өтті.
Босше «иммундық қамшу» туралы жазады – бұл адамның иммундық жүйесі вирусты немесе патогенді танып, жоя алмайтын құбылыс. Кейде вакцинация нәтижесінде иммундық қашу байқалады. Бұл мәселені шешу үшін вирустар мен қоздырғыштардың көптеген штамдарынан бірден қорғайтын полисахаридті вакциналар әзірленді.
COVID-19-ға қарсы вакциналар бойынша иммундық қашу жағдайлары әлі тіркелген жоқ.
Сондай-ақ, клиникалық зерттеулердің нәтижелері вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді, ал оларды қолдану нәтижесінде иммундық қашу дамыған болса, бұл мүмкін болмас еді.
Вакцинацияланған адамдар екпе жасатпаған адамдарға індетті жұқтыруы мүмкін деген теорияның ешқандай дәлелі жоқ. Бүгінгі таңда вакцина алған адамдардан Sars-CoV-2 вирусы таралуының бірде-бір жағдайы тіркелмеген.
Әлемде барлығы 475.61 миллион адам COVID-19 қарсы екпе жасатты.