Fake News

Фейк: «Қарағанды облысында музыка мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін үйлеріне жібермейді»

Instagram-да Қарағандыда музыкалық мектеп-интернаты оқушыларын демалыс күндері үйлеріне жібермейтіні туралы хабарлама жарияланды. Оны мектеп оқушыларының бірінің ата-анасы жазған екен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Блогер|Общественник|Караганда (@obn.blog)

Хабарлама авторының айтуынша, сынып жетекшісі карантинге байланысты балалар күзгі демалысқа дейін үйлеріне жіберілмейтінін айтқан. Ал Қарағандыда тұратын балалардың бір бөлігі күн сайын барып-келіп тұрады.

Мектеп басшылығы өтініш берілген сәтте мұндай шаралар қабылданбағанын хабарлады. Алайда мекеме жауабында карантиндік шаралар күшейтілген жағдайда интернат жабық жұмыс режиміне ауысуы мүмкін екендігіні айтылған.

– «Кейбір ата-аналарға қате ақпарат берілген. Қазіргі кезде интернат штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 3 қыркүйек, жұма күні, барлық балалар ата-аналарының өтінішімен үйлеріне жіберілді. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда интернат жабық режимге көшеді, бұл уақытша шара болады», – делінген хабарламада.

Демек, Қарағандыда музыка мектеп-интернатының оқушыларды үйлеріне жібермейтіні туралы ақпарат – фейк.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button