Fake News

Алаяқтар күмәнді сауалнамаларға қатысқандарға ақшалай сыйлықтар береміз деп уәде етуде

Қазнетте өзін «Қазпошта» АҚ өкілдері деп таныстырған алаяқтар әрекет етуде. Олар пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, ұйымның 140 жылдығына орай ақшалай сыйлық алуды ұсынады.


Шын мәнінде, «Қазпошта» АҚ-ның бұл сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ. Мұндай акциялар туралы хабарландырулар ресми сайтында да, әлеуметтік желілердегі парақшаларында да жоқ.
Сауалнаманың қорғалмаған платформада орналасқандығы оның алаяқтардың ісі екенін көрсетеді, ал сайттың өзі біз бұған дейін жазған ондаған сайтқа ұқсайды. Олардың барлығы фишингтік.
Фишинг – бұл онлайн-алаяқтықтың бір түрі, онда зиянкестер пайдаланушылардың дербес деректерін: логиндер мен парольдерді, банк карталары туралы ақпаратты және т.б. мәліметтерді иемденеді.
Фишингтік сайттарды қалай тануға болатындығы және алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

 

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button