Манипуляция: «Газет басты бетінде вакцинациядан қайтыс болғандар санының артқаны туралы жазды»
Қазақстандықтар жаңа басылған газеттердің дестелері көрсетілген бейнероликпен бөлісуде. Басты беттегі тақырыпта «Вакциналардан» болған өлім артуда» делінген. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл СOVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлерінің нақты статистикасы жасырылатынының дәлелі және бұл туралы аз ғана тәуелсіз БАҚ ашық айтады. Бұл олай емес.
The Irish Light газеті – бұл The Light баспасының ирландиялық нұсқасы.
Газеттің алғашқы тиражы 2020 жылдың қыркүйегінде жарық көрді. Оның баспагері және басты демеушісі – Даррен Смит. Ол сондай-ақ қастандық теорияларына сенуге, «жалған пандемияға» қарсы тұруға және вакцинациядан бас тартуға шақыратын ұрандары бар киім шығаратын және сататын компания құрған. Мұнымен қоса, газеттердің оқырмандардың ерікті қайырымдылықтары есебінен қаржыландырылатыны белгілі.
The Light басылымы тегін таратылады. Газеттің жаңа нөмірлері пошта жәшіктерінде, жанармай құю бекеттерінде, азық-түлік дүкендерінде және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде қалдырылады. The Guardian газетінің журналистері Даррен Смит интернеттегі жаңалықтарды жариялаудың орнына газет шығаруды шешті, өйткені, фактчекерлер үшін қағаз беттегі фейк жаңалықтарды бақылау және жоққа шығару әлдеқайда қиын болады деп санайды.
The Light газетінде әлемдік үкіметтің қастандығы, вакциналардың зияны, Нью-Йорктегі 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуыл туралы конспирологиялық теориялар және т.б. дәлелденбеген мәлімдемелер жарияланды.
Басылымның ирландиялық нұсқасының тілшілері – Джемма О’Доэрти бұған дейін Sars-CoV-2 вирусының ешқашан оқшауланбағаны туралы фейк жаңалықтар таратқан.
Оның әріптесі – карантиндік шектеулерге қарсы шыққан және олардың күшін жою үшін сотқа жүгінген колумнист Джон Уотерс. Ол процесті жеңе алмады.
Қорыта айтқанда, видеода көрсетілген Irish Light басылымы сенімсіз дереккөз болып табылады. Оның негізін қалаушы қастандық идеяларын танымал ету арқылы ақша табатын оларды жақтаушы болып табылады.