Фейк: «Бағдат Мусин отандық мамандардың «қолынан келмейді» деп мәлімдеді»
Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтқан сөз таралуда. Пайдаланушылардың айтуынша, ол отандық мамандардың «қолынан келмейді» және «бәрін талан-таражға салады» деп мәлімдеген. Бұл жалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ЦДИАӨМ Қазнетте тараған мәлімдемені жоққа шығарды.
– Интернетте мемлекеттік сектордың ақпараттық жүйелерін цифрландыру аясында платформалық модельге көшу жоспарларына қатысты жалған ақпарат таратылуда. Министр айтты деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және фейк болып табылады, – деп хабарлады ведомстводан.
Бұл ақпараттың дереккөзі – Qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты. Бұл парақшада шынайы оқиғалар емес, ойдан шығарылған жаңалықтар жарияланады.
Бұған дейін біз осы аккаунтта жарияланған, пайдаланушылар шын деп ойлап қалған ақпараттарды жоққа шығарған болатынбыз.