Fake News

Фейк: «Қазақстанда WhatsApp-пен қоңырау шалу мен хабарламалар жіберу ақылы болады»

Қазнет қолданушылары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин WhatsApp қосымшасында хабарламалар мен қоңырауларды ақылы етуді ұсынды деген хабарлама таратуда. Бұл жалған.

Ақпараттың дереккөзі Qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты. Парақшаның сипаттамасында жарияланған барлық жарияланымдар сатиралық болып табылатыны және «фейк жаңалықтар» санатына жататыны айтылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Только самое важное (@qazinform24)

– ЦДИАӨМ WhatsApp қосымшасындағы хабарламалар мен қоңыраулар үшін әдеттегі тариф бойынша ақы алу жоспарланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Фейк авторлары жақында ЦДИАӨМ ұялы байланыс операторлары тарифтерді абоненттің келісімімен ғана өзгерте алатын бұйрық дайындағаны туралы жарияланымға сүйенген болар, – деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен.

Қазнет қолданушылары бұған дейін де сатиралық жаңалықтарды шынайы деп таратып келген болатын. Мысалы, желіде сыбайлас жемқорлықты қылмыстық деп танымау, Қазақстанның Қытайға қосылуы және т.б. туралы хабарламалар тараған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button