Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдардың қаны егілмегендердің қанына қарағанда күңгірт»

Telegram-да КВИ-ге қарсы егілген адамдардың қаны вакцина салдырмағандардың қанынан визуалды түрде ерекшеленетіні туралы хабарламалар таратылуда. Екпе алған адамдарда оның түсі қою қызыл, қоңыр реңкті болады екен. Бұл жалған.


Бұл теорияның «дәлелі» ретінде «Вконтакте» әлеуметтік желісінде ProMed тобында жарияланған суреттер ұсынылған. Суретте түтіктерде веноздық және артериялық қан бар деп жазылған.  Фотоның вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ.
Веноздық қан артериялық қанға қарағанда күңгірт, өйткені ол аз оттегімен қаныққан. Жүректен ағзаларға өтетін артериялық қан, керісінше, оттегімен қаныққан, соның нәтижесінде ашық қызыл реңкті болады.
Әр түрлі адамдарда қанның түсі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға, соның ішінде жасына, белгілі бір аурулардың болуына немесе болмауына байланысты. 
Айта кетейік, әлемде 3.6 миллиард адам егілді. Бұл адамдардың көбі антиденелерге немесе басқа сынақтарға қан тапсырды. Вакцинацияланған адамдардың қаны түсі бойынша ерекшеленетіні туралы ресми және ғылыми расталған хабарламалар болған жоқ.
Демек, вакцинацияланған адамдардың қаны екпе алмағандардың қанына қарағанда күңгірт екендігі туралы ақпарат фейк. Суреттерде веноздық және артериялық қан арасындағы айырмашылық көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button