Фейк: «Қазақстанда несиеге салық енгізу ұсынылуда»
Әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық экономика министрі несиеге салық енгізуді ұсынғаны туралы хабарлама таралуда. Бұл ел тұрғындарын қаржылық жағынан тәртіпке келтіруге септігін тигізбек. Бұл жалған.
Ақпараттың дереккөзі – Qazinform24 Instagram-аккаунты. Бұл профильдің сипаттамасында парақшада шынайы жаңалықтар жарияланбайтыны, барлық контенттің сатиралық және шындыққа жанаспайтыны айтылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында несиеге салық енгізу туралы хабарламалар жоқ. Ресми БАҚ-та да бұл туралы ақпарат жарияланбаған.
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде хабарлайды. Бұл ақпараттың дереккөзі –qazinform24 Instagram-парақшасы. Бұл паблик шынайы ақпарат дереккөзі емес және фейк жаңалықтар жариялайды. Азаматтардан тек ресми дереккөздерден тараған ақпаратты ғана пайдалануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады, – деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін біз Желіде шынайы ақпарат деп таратылған сатиралық хабарламаларды жоққа шығарған болатынбыз.