Fake News

Фейк: «COVID-19 вакциналарының толық құрамын адамдардан жасырады, өйткені оларда қауіпті заттар бар»

Қазнет қолданушылары вакцинация пунктінде медицина қызметкерімен әңгімелесіп отырған ер адамның бейнеролигін таратуда. Қызметкер ролик авторына иммундауға арналған препараттардың толық құрамын ұсына алмады және аталған көмекші ингредиенттерді ол денсаулыққа қауіпті деп тапты. Бұл вакциналардың құрамы құпия және олардың құрамдас бөліктері улы болып табылатынының белгісі емес.

Іс жүзінде COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамы, ықтимал жағымсыз реакциялар, басқа препараттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер және өзге де мәліметтер баршаға қолжетімді.

Олармен мына жерде танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac.

Видеороликте аталған ингредиенттер қауіпті емес және дәрі-дәрмек өндіруде кеңінен қолданылады.

Полиэтиленгликоль (ПЭГ) – шамамен 30% таблеткадан тұратын көптеген іш жүргізетін дәрілердің ингредиенті және ұзақ әсер етуді қажет ететін көптеген инъекциялық препараттарда беттік-белсенді зат ретінде пайдаланылады. Вакциналардағы ПЭГ-ке жағымсыз реакциялар туралы хабарланған жоқ.

Роликтің титрлерінде жазылған трометамин вакциналар құрамында көрсетілмеген. Олардың құрамында трометамол бар. Бұл зат иммундауға арналған препараттарда қышқылдықты реттегіш ретінде қолданылады. Вакциналардағы мөлшері аллергиялық реакция туғызбайды. Трометамол басқа дәрі-дәрмекті өндіруде де пайдаланылады.

Медициналық маман видеода Полисорбат-80 де атайды, ол тамақ және фармакологиялық салаларда қолданылады. Ол балмұздақ пен басқа да өнімдерді өндіруде эмульгатор ретінде пайдаланылады. Мысалы, балмұздақтың бір бөлігінде осы заттың 170 000 мкг бар. COVID-19 қарсы вакцинаның бір дозасында оның 160 мкг (Pfizer/BioNTech және Moderna үшін) немесе 250 мкг («Спутник-V» үшін) болады. (, ) Осылайша, вакциналардағы полисорбат-80 мөлшері қауіпті емес және ауыр аллергиялық реакция немесе ауыр аурулардың дамуына әкелмейді.

Ролик авторында үлкен алаңдаушылық тудырған компонент SM-102, шын мәнінде, Pfizer/BioNTech және Moderna сияқты мРНҚ вакциналарында липидті нанобөлшектерді жасауға арналған материал ретінде қызмет ететін липид. Оның уыттылығы – вакцинацияға қарсы адамдар ойлап тапқан миф. Бұл туралы біз бұрған дейін толық жазған болатынбыз.

Фейк: «Вакциналар құрамында SM-102 – ішкі ағзаларды зақымдайтын және қатерлі ісік тудыратын улы зат бар»

Демек, вакциналардың құрамы және бұл туралы толық ақпарат құпия емес және көпшілікке қол жетімді. Вакциналар құрамына кіретін роликте айтылған заттар қауіпті немесе улы емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button