Фейк: «БҰҰ-ның жаңа әлемдік тәртіп орнату жөніндегі жоспарларын дәлелдейтін құжат табылды»
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде БҰҰ-ның жаңа әлемдік тәртіп орнатуды жоспарлап отырғаны туралы құжатты оқып жатқан белгілі раввин Амнон Ицхактың бейнеролигін таратуда. Бұл өтірік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл видео өткен жылы күзде шыққан. Оны әр түрлі елдердің фактчекерлері жоққа шығарған болатын.
Раввин Амнон Ицкахты сенімді дереккөз деп айту қиын. Ол әйелдерге көлік жүргізуге болмайды, немесе раввиндердің Папамен кездесуі «күнәлі» болды деген сияқты атышулы мәлімдемелерімен танымал.
COVID-19 пандемиясы басталғалы Амнон Ицхак ауру және оның алдын алу туралы фейк ақпараттар таратқан. Ағымдағы жылдың ақпан айында Facebook-те вакцинацияға қарсы идеялар мен қастандық теорияларын тарататын раввинмен байланысты топ бұғатталды.
БҰҰ-ның жаңа әлемдік тәртіп орнату жөніндегі жоспарлары туралы видео да конспирологиялық болып табылады. Қазақстандықтар роликтің қысқартылған нұсқасымен бөліссе де, оның толық нұсқасын Желіден оңай табуға болады. Онда «құпия» құжат «Жаңа әлемдік тәртіп» деп аталады және 2021 жылдан 2030 жылға дейінгі мерзімде іске асыру жөніндегі жоспар ұсынылғаны айтылған. Іс жүзінде мұндай құжат жоқ.
Ұйымның ресми сайтында болашақ жоспарларға арналған екі құжат бар: «Бағдарлама-21» және «Тұрақты даму бағдарламасы-2030». Бұл бағдарламаларда әлеуметтік және экономикалық салаларды дамыту; табиғи ресурстарды сақтау және дамыту; халықтың негізгі топтарының құқықтарын нығайту; кедейлікті, аштықты, гендерлік және өзге де теңсіздікті жою жөніндегі шаралар сипатталған.
Сондай-ақ, құжаттарда ресурстарды ұтымды тұтыну мен пайдалану және инклюзивті қоғам құру принциптері жайлы жазылған. Жаңа әлемдік тәртіп туралы айтылмайды. Бұл құжаттар туралы толығырақ бұған дейін жазған болатынбыз.
Демек, раввин Амнон Ицхактың БҰҰ-ның жоспарлары туралы мәлімдемесі фейк. БҰҰ-ның ресми сайтында мұндай құжаттар жоқ, белгілі бір жаңа әлемдік тәртіп туралы теория конспирологиялық болып табылады және фактчекерлер мен БАҚ оны бірнеше рет теріске шығарды.