Фейк: «Гендер мутациясын тудыру үшін адамдарды жәндіктермен тамақтануға мәжбүрлейді»
Желіде ерекше теория тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, адамдарды жәндіктермен қоректендіруге мәжбүр етеді, өйткені олардың құрамындағы гормондар COVID-19 қарсы вакциналардың компоненттерімен бірге ДНҚ-да мутациясын тудырады. Бұл тұжырымды талдап, оның неге жалған екенін талдайық.
Сипатталған теорияның жалған екенін түсіну үшін оны негізгі аспектілерге бөлейік.
1. Адамдарды жәндіктерді жеуге мәжбүрлейді
Бұл олай емес. Біріншіден, дернәсілдер мен қоңыздарға негізделген диета сақтауға мәжбүрлеу немесе оны енгізу туралы әлемде еш жерде айтылған жоқ. Мұндай тамақтану рационын тек нутрициологтар мен басқа ғалымдар ғана ықтимал нұсқа ретінде қарастырылуда. Бұлай тамақтанудың артықшылығы – жәндіктер ақуыздың және басқа да қажетті макроэлементтер көзі болып табылады, сондай-ақ оларды өсіру мал өсіру кезіндегідей көмірқышқыл газының күшті шығарындыларымен байланысты болмайды. Екіншіден, жәндіктерді жеу – кейбір мәдениеттерде жиі кездесетін жағдай. Мысалы, Мексика, Таиланд, Бразилия және басқа да елдерде жәндіктердің кейбір түрлері бірқатар тағамдардың ингредиенттері және жеке тағам болып табылады. Қазнетте сипатталған теориямен бірге ұсынылған фотосуретке келетін болсақ, онда Hotlix компаниясының жеңіл тағамдар ұсынылған витринасы бейнеленген. Компания 1980-ші жылдардан бері жұмыс істеп келеді және ерекше тәттілер мен снэк шығаруға мамандандырылған. Компания иесі мұндай диетаны ұнататындықтан және қоңыздар мен дернәсілдерді компанияны құрғанға дейін көп уақыт бұрын жей бастағандықтан, өндірушілер тағамға жәндіктер қосады. Мұндай өнімді сатып алу-алмауды адамдар өздері шешеді.
2. Жәндіктер құрамында қауіпті экдистерон гормоны бар
Бұл мәлімдеме дұрыс емес. Жануарлардың денелерінде стероидты қосылыстар экдистероидтар бар. Бұл табиғаттағы стероидты қосылыстардың ең көп таралған түрі. Оны жәндіктер, шаян тәрізділер, медуза, маржан, кейбір ұлулар, тіпті өсімдіктер шығарады.
Экдистероидтар медицинада кеңінен қолданылады. Олар жүрек-қан тамыры, орталық жүйке және жүйке жүйесінің, репродуктивті жүйе бұзылулары, психикалық және физикалық шаршау кезінде тоник және стимулятор ретінде, жаралар мен ойық жараларды емдеуге, күйіктерді емдеу кезінде қолданады.
Экдистероидтар анаболиктер ретінде пайдалануға болатындықтан кеңінен танымал болды. Тез салмақ жинап, бұлшық ет өсіруді қалайтын адамдар стероидты қосылыстардың осы түріне белсенді жүгінеді.
Экдистероидтар өте жақсы зерттелген, олардың функциялары мен сипаттамалары белгілі. Олардың арасында адамның ДНҚ-ын өзгерту қасиеті жоқ.
3. Жәндіктер гормондары вакциналармен бірге ДНҚ-ны өзгертеді
Бұл болжам мүлдем негізсіз. COVID-19 қарсы вакциналар адамның ДНҚ-ын өзгерте алмайды. ДНҚ молекулалары жасушалардың ядроларында болады, онда вакциналар компоненттері кірмейді. Сонымен қатар вакциналарда ДНҚ тізбегіне енетін компоненттер жоқ.
Экдистероидтардың COVID-19 қарсы вакциналармен өзара әрекеттесуіне келетін болсақ, бұл жағдай зерттелмеген, өйткені вакциналар жақында ғана ойлап табылды және ғалымдар мұндай аспектілерді әлі зерттеген жоқ.
Демек, мұндай комбинация ДНҚ-ны өзгерте алады деп болжаудың алғышарттары жоқ. Есесіне, вакциналардың да, экдистероидтардың да мұндай әсері жоқ.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – ешқандай ғылыми негізі жоқ фейк.