Фейк: «Сода мен спирттің көмегімен өкпенің ісінуін басуға болады»
Мессенджерлерде пайдаланушылар COVID-19 ауырып жатқан жағдайы ауыр науқастарды емдеу хаттамалары дұрыс емес деп мәлімдеген ер адамның видеосымен бөлісуде. Оның айтуынша, ӨЖЖ аппараттарының орнына сода мен спирт қолдану керек. Бұл ақпарат ғылымға қарсы.
Видеода аты-жөні көрсетілмеген дәрігер ісіну кезінде өкпеде болатын өзгерістер жайлы айтады. Оның пікірінше, бұл жағдайда оттегі маскасы және ӨЖЖ аппаратына қосу еш нәтиже бермейді.
«Хаттама әуелден дұрыс емес, ол мағынасыз. Айта кетейін, ӨЖЖ аппаратына қосылған адамдардың 90% қайтыс болды. Бұл статистика – өкпені жасанды желдеткішке қосылғандар – бәрі де көз жұмды», – дейді ол.
Одан әрі, ер адам ескі әдістер бойынша, тамыр арқылы өкпе реанимациясы кезінде натрий бикарбонаты немесе сода құйылғанын хабарлайды.
Алдымен өкпені желдететін аппаратқа қашан қосады, соны айтайық. – Өкпені жасанды желдету пациент өкпесімен жеткілікті мөлшерде оттегі жұта алмаған және жиналған көмірқышқыл газын шығара алмаған жағдайда тыныс алу жүйесінің функцияларын атқарады. Яғни, ағзаға оттегінің басқа жолмен берілуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде.
«ӨЖЖ кейін аман қалғандардың» статистикасына келетін болсақ, роликтегі дәрігер мәліметтерді манипуляция үшін қолданады. Біріншіден, әр түрлі елдерде ӨЖЖ аппаратына қосылғаннан кейін көз жұмған COVID -19 жұқтырғандар саны туралы ақпарат әртүрлі.
Екіншіден, өлім-жітім себебі ӨЖЖ аппаратына қосу фактісі емес, әуелден оған жағдайы өте ауыр науқастарды қосу болып табылады.
Сонымен қатар, ӨЖЖ аппарты оттегімен байытылған ауаны өкпеге жіберіп қана қоймай, сондай-ақ онда жиналған сұйықтықты да шығарды. Қазіргі заманғы өкпені желдеткіш аппараттарында нақты жағдайға байланысты қолданылатын көптеген желдету режимдері болады.
Соданың коронавирустың алдын алуда және емдеуде көмектеспейтіні туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз. Ал дәрігер атап өткендей, бұл компонентті «тамыр арқылы» қолдану өмірге қауіпті болып табылады.
Өкпе ісінуін жеңілдету үшін спирт буымен дем алу да оң әсерін тигізбей, ағзаға зиян келтіруі мүмкін.
«Өкпе ісінуі – бұл жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік, онда өкпе веноздық гипертензиясы және альвеолярлы ісіну дамиды. Мұндай пациенттерде болатын белгілер: қатты ентігу, ысылдау, көбіктенетін қақырық. Бұл өте ауыр жағдай, сондықтан шұғыл көмек қажет. Оксигенотерапия және ӨЖЖ кезінде көбіктенуді азайту үшін оттегінің тұрақты берілуімен этил спирті (30%) ингаляциялық түрде қолданылады. Мұның бәрі реанимация бөлімінде гемодинамика бақылауымен медициналық қызметкерлердің тәулік бойы бақылауымен жасалады. Бірақ оны үйде жасау мүмкін емес», — деп түсіндірді Қарағанды медицина университеті клиникасының пульмонологы Елена Мирзо.