Fake News

Ұлыбританияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі COVID-19 жұқтырған науқастарға егілудің қажеті жоқ деп мәлімдемеген

Қазақстандық пайдаланушылар COVID-19-бен ауырған адамдарға вакцинацияланудың қажеті жоқ деген ақпарат таратуда. Бұл туралы Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мәлімдеген екен. Бұл жалған.


Хабарлама авторлары COVID-19 қайта жұқтыру жағдайлары бойынша эпидемиялық қадағалаудың статистикасы ұсынылған 2021 жылғы 17 маусымдағы Англия Денсаулық сақтау қызметінің баспасөз хабарламасына сүйенеді.
Айта кетейік, бұл деректер SARS-CoV-2 қайта жұқтыру қаупінің деңгейін зерттеу үшін жиналады. Статистика көрсеткендей, 2021 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша Англияда пандемия кезінде 4 миллионға жуық адамның 15 893-і (0,4%) SARS-CoV-2 қайта жұқтырған болуы мүмкін. Алайда, агенттік науқастарды вакцинациялаудың қажеті жоқ деген қорытынды жасамаған.
«PHE (Англияның қоғамдық денсаулық сақтау қызметі) COVID-19 қарсы вакцина алу құқығына ие адамдарды 2 дозаны қабылдауға шақырады, өйткені бұл қайта жұқтыру қаупін азайтады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Англияның Денсаулық сақтау қызметі симптомдар болғаннан кейін 28 күн өткен соң егілуді ұсынады. 
Қайта ауыру өзге елдерде де вакцинацияға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Францияда билік сауыққаннан кейін кейін үш ай өткен соң және алты айға дейін вакцина салдыруға кеңес береді.
Еуродақтың көптеген елінде COVID-19 қайта ауырған науқастарға аурудан жазылған соң үш айдан сегіз айға дейінгі аралықта бір компонентпен егілуге рұқсат етіледі.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) да адам аурудан айыққан соң екпе жасауға кеңес береді. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да адамның індетпен ауырған-ауырмағанына қарамастан, вакцинацияға қарсы көрсетілімдері болмаса, COVID-19 қарсы егілуге кеңес береді.
Әр түрлі елдердің сарапшылары COVID-19-дан кейін егілу қажеттілігі туралы мәлімдеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button