Фейк: «Сот вакцинацияны заңсыз деп тапты»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде сот COVID-19 қарсы вакцинацияны заңсыз деп танығаны туралы хабарлама таратылуда. Ресей Федерациясының апелляциялық төрелік соты осындай шешім шығарған екен. Шын мәнінде, вакцинацияның заңдылығы процесте мүлдем талқыланған жоқ.
Апелляциялық шағымды Свердлов облысы бойынша Роспотребнадзор басқармасының аумақтық бөлімі берген. Дау-дамайға «Элемент-трейд» ЖШҚ басшысының өз қызметкерлерінің арасында тұмауға қарсы вакцинация өткізуден бас тартуы себеп болған.
Қаулыда COVID-19-ға қарсы вакцинация және оның заңдылығы туралы айтылмайды. Онда «Элемент-трейд» ЖШҚ басшысы тұмауға қарсы профилактикалық вакцинация ұйымдастыруға міндетті еместігіне дәлелдер мен нормалар қарастырылған заңдар келтірілген. Құжатта компания сауда саласында жұмыс істейтіндіктен және қызметі жұқпалы аурулардың жоғары қаупімен байланысты ұйымдардың тізіміне енбейтіндіктен, қызметкерлер арасында тұмауға қарсы міндетті вакцинация жүргізу қажет емес делінген.
Демек, соттың бұл шешімі COVID-19 қарсы вакцинацияға қатысты емес және оның заңдылығына ешқандай дау туғызбайды. Сот бұл індетке қарсы вакцинацияны заңсыз деп танығаны туралы хабарлама манипуляция болып табылады.