Жаңалықтар

Фейк: «Үйде коронавирустан ешкім өлген жоқ, барлық өлім ауруханаларда болды»

Instagram қолданушыларының посттарында коронавирустан қайтыс болу жағдайларының барлығы тек медициналық мекемелерде ғана орын алған деген мәлімдемелер пайда болды. Кейбір адамдардың пікірінше, бұл дәрігерлер статистиканы арттыру үшін адамдарды әдейі өлтіретіндігінің дәлелі. Бұл жалған.


Әлемде тіркелген коронавирустан көз жұму жағдайларының басым бөлігінің ауруханаларда болғаны рас. Бұл SARS-CoV-2 жұқтырған кезде ауыр халдегі науқастың ауруханаға жатқызылатындығымен байланысты. 
Бірақ ауру өршіген кезде дәрігерлер науқастарды ауруханаларға жеткізуге үлгермеген жағдайлар болды. Сонымен қатар, жалғыз басты науқастардың жағдайының күрт нашарлағаны жайлы хабарлайтын ешкім болмаған жағдайлар да кездесті.
Мысалы, статистикаға сәйкес, 2020 жылғы 27 наурызда Англия мен Уэльсте 15 адам үйде, тағы 20 адам қарттар үйінде қайтыс болды. Ол кезде COVID-19-дан көз жұмған 539 адам тіркелген болатын.
COVID-19 жұқтырған науқастардың нақты қай жерде қайтыс болғандығы туралы өлім-жітім статистикасы жарияланған жоқ. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылдың мамыр-шілде айларында үйде болған өлім-жітімнің артқаны туралы хабарлаған болатын.

Демек, COVID-19 жұқтырған бірде-бір науқас үйде қайтыс болған жоқ деген тұжырым дұрыс емес. Ауру өршіген кезде көз жұму жағдайлары ауруханаларда да, үйлерде де тіркелді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button