WhatsApp арқылы ескі фейк таратылуда
WhatsApp қолданушылары «ертеңнен бастап» мессенджерде фотосуреттер мен видеоларды жіберу қауіпті болатыны туралы хабарламамен таратуда. Олардың бәрінде вирус болады. Бұл туралы ІІМ хабарламасынан белгілі болған екен. Хабарламада ДАИШ террористік ұйымының өкілдерінен қоңыраулар келіп түседі делінген. Екі фейк те ескі және біз оларды сайтымызда жоққа шығарған болатынбыз.
Мессенджерлерде фотосуреттер мен видеолар арқылы таралатын вирустар туралы жалған ақпарат алғаш рет 2022 жылдың қыркүйегінде шықты. Ол қазір таратылып жатқан ақпаратқа ұсқайды. Оны ҚР Ішкі істер министрлігі жоққа шығарды.
«ІІМ-нің компьютерлер мен телефондарды істен шығаратын ашық хаттар мен видеолар арқылы вирустарды тарататын хакерлердің әрекеттері туралы айтылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Хабарламаның екінші бөлігінде ДАИШ террористік ұйымымен байланысты белгісіз біреулерден келіп түсетін қоңыраулар туралы ескертілген. Пайдаланушы қайта хабарласқан жағдайда, оның телефонынан байланыс нөмірлері мен банк карталары туралы ақпарат көшіріледі. Бұл қауесет 2 жылдан астам уақыттан бері таратылып келеді. Ол алғаш рет Қазнетте 2022 жылдың қаңтарында жарияланған.
Сонымен қатар, бейтаныс нөмірлерден келіп түскен қоңыраулардан абай болу керек. Бұл алаяқтардың ісі. Factcheck.tj порталында wangiri алаяқтық схемасы егжей-тегжейлі сипатталған. Телефонға қоңырау соғылады. Ал адам телефонды көтергенде, байланыс үзіледі. Егер қайта қоңырау шалсаңыз, бұл халықаралық қоңырау болып саналады және киберқылмыскерлер одан ақша табады.
Мессенджерлерде келіп түскен ақпараттың бәріне бірдей сенбеңіздер. Ал оған күмән келтірсеңіз, ресми дереккөздерге хабарласыңыз.