Fake News

Фейк: «Спутник- light» – бұл Еуропада тыйым салынған AstraZeneca вакцинасы»

Telegram чаттағы хабарламаның авторы «Спутник-light» вакцинасы Еуропада тыйым салынған AstraZeneca препаратының толық көшірмесі деп мәлімдейді. Бұл өтірік.


Ресейде жасалған «Спутник-light» вакцинасы екі компонентті «Спутник-V» вакцинасының алғашқы дозасы болып табылады. Олардың құрамы бірдей.

Бұл екпелердегі белсенді компонент – құрамында SARS-CoV-2 вирусының S ақуыз гені бар (1.0±0.5)×1011 бөлшек мөлшеріндегі 26 серотиптің рекомбинантты аденовирустық бөлшектері. Қосылыстарға кіретін көмекші заттардың сипаттамасын мына жерден көруге болады:

Фейк: «Спутник-V» вакцинасының құрамында жасанды сілекей және Крон ауруын тудыратын заттар бар»

AstraZeneca вакцинасы «Спутник-V» сияқты аденовирустық вектор негізінде әзірленген. Бірақ оның құрамы басқа. Ондағы белсенді компонент ретінде шимпанзенің генетикалық модификацияланған ChAdOx аденовирусы болып табылады. Көмекші заттар тізбесі де әртүрлі.
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Спутник-light» және AstraZeneca вакциналары комбинациясын сынаудың алдын ала нәтижелері жарияланды. Онда осы екі препаратты алған еріктілерде жоғары иммундық реакция болатыны белгілі болды. 

AstraZeneca препаратына Еуропада тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған. Бұл вакцина 121 елде тіркелген. Былтыр наурыз айында 18 ел препаратты қолдануды тоқтатты, бірақ кейіннен олардың кейбірі оны қолдануды қайта бастады.
Демек, «Спутник-light» және AstraZeneca вакциналары бірдей препарат емес, олар құрамы бойынша ерекшеленеді. AstraZeneca-ға Еуропада тыйым салынбаған, бұл вакцина Германия, Бельгия және басқа да көптеген елдерде қолданылуда.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button