Fake News

Фейк: «Спутник-V» вакцинасының құрамында жасанды сілекей және Крон ауруын тудыратын заттар бар»

Желіде «Спутник-V» вакцинасының «құрамын талдау» пайда болды. Оның авторы препараттың толық құрамын анықтау мүмкін емес, өйткені ол жасырылған, ал қол жетімді мәліметтерден препараттың құрамында жасанды сілекей және Крон ауруын тудыратын заттар бар деп мәлімдейді. Мұның барлығы жалған.


Шын мәнінде, «Спутник-V» вакцинасының құрамы баршаға қолжетімді.
Бірінші және екінші компоненттер тек белсенді затпен ғана ерекшеленеді. Бірінші дозада SARS-CoV-2 вирусының S ақуыз гені бар 26 серотип рекомбинантты аденовирустық бөлшектер, екіншісінде – SARS-CoV-2 вирусының S ақуыз гені бар 5 серотипті рекомбинантты аденовирустық бөлшектер болады.
Қалған бөлігінде бірінші және екінші компоненттердің құрамы бірдей. Оларға мыналар кіреді
Трис (гидроксилметил)аминометан — 1,21 мг. Бұл биохимия мен молекулалық биологияда кеңінен қолданылатын буферлік ерітінді. Химиялық құрылымы бойынша ол бастапқы амин болып табылады. Бұл зат тек көп мөлшерде және ұзақ әсер еткенде ғана уақытша еңбекке қабілеттіліктен айырылуға әкелуі мүмкін. Ол созылмалы ауруларды тудырмайды және өлімге әкелмейді. Дәл осы затты талдау авторы RU2567145C1 патентіне сәйкес «жасанды сілекей» деп атайды. Шындығында, патентте ДНҚ-ны сақтауға мүмкіндік беретін ерітінді туралы айтылады. Бұл ерітіндінің құрамында басқа ингредиенттерден өзге трис те бар.
Натрий хлориді – 2.19 мг. Күнделікті өмірде ас тұзы ретінде белгілі. Изотоникалық ерітінді медицинада детоксикация құралы ретінде қолданылады. Сондай-ақ, ол қарсы қасиеттерге ие. Денсаулыққа қауіп төндірмейді.
– Сахароза, 25.0 мг. Кәдімгі қант. Вакциналарда тұрақтандырғыш ретінде қолданылады. 
Магний хлориді гексагидрат, 102.0 мг. Бұл суда еритін ақ кристалдар. Фармацевтика, тамақ, тоқыма өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Ол вакциналарда көмекші ингредиент ретінде пайдаланылады. AstraZeneca және COVISHIELD препараттарында да кездеседі. Көрсетілген мөлшерде адам денсаулығы үшін қауіпсіз.
ЭДТА динатрий тұзы дигидрат – 19.0 мкг. Бұл этилендиаминтетрацет қышқылының динатрий тұзы. Өнеркәсіпте, өсімдік шаруашылығында, аналитикалық химияда қолданылады. Теріге көп мөлшерде түссе, тітіркену тудыруы мүмкін. Көп мөлшерде ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда бронхит белгілері пайда болады. Алайда, вакцинадағы мөлшер бұл үшін жеткіліксіз.
Полисорбат-80, 250 мкг. Бұл зәйтүн майынан алынған сорбитан. Эмульгатор және тұрақтандырғыш. Олар биотехнологияда, фармацевтикада, тамақ өнеркәсібінде, косметологияда және басқа салаларда қолданылады. Адам денсаулығы үшін қауіпті емес.
Этанол 95%, 2.5 мкл. – этил спирті. Фармацевтика тұнбаларда, сығындыларда және басқа заттарда консервант ретінде қолданылады. Көрсетілген мөлшерде қауіп төндірмейді. Тамақ өнеркәсібінде E1510 тағамдық қоспасы ретінде тіркелген, бірақ күшті есірткіге, жалпы есірткі заттарына жатпайды, деп жазады хабарлама авторы.
Инъекцияға арналған су, 0.5 мл дейін. Фармакологиялық белсенділігі жоқ. Вакциналарда еріткіш ретінде қолданылады. Инъекцияға арналған су дистилденген су емес.
Автор өз талдауында E511 тағамдық қоспасын да атап көрсетеді. Ол вакциналардың құрамына кірмейді. E 511 – бұл химиялық формуласы MgCl2 деп жазылатын магний хлориді. Вакциналарда магний хлориді гексагидраты бар, оның формуласы MgCl2*6H2O.
Е473 тағамдық қоспасы «Спутник-V» препаратының құрамына кірмейді. E473 – сахароза мен май қышқылдарының эфирі. Ол көптеген өнімдердің құрамында болуы мүмкін, мысалы, кілегей және олардың аналогтары, балмұздақ және жеміс мұзы, сүтке негізделген сусындар; нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сондай-ақ оларға арналған майлы эмульсиялар, десерттер; ет өнімдері, консервіленген көжелер мен сорпалар, тұздықтар және т.б.. «Талдау» авторы жазғандай, бұл қоспа ішкі жану қозғалтқыштарына арналған отын да, есірткі де емес.
Вакцинада бұл қоспа жоқ. Препаратта тек сахароза бар.
Осылайша, Желіде тарағанн «Спутник-V» вакцинасының құрамына жасалған «талдау» – жалған. Автор дұрыс емес мәліметтерді пайдаланып, оларды нақты емес тұжырымдармен негіздейді. Вакциналарда Крон ауруы мен басқа да созылмалы ауруларды тудыруы мүмкін жасанды сілекей, есірткі, қауіпті заттар мен компоненттер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button