Fake News

Фейк: «Ревакцинация өлімге әкеледі»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде «Спутник V» вакцинасымен ревакцинация иммундық жүйенің сарқылуына және өлімге әкелетіні туралы видео таратуда. Бұл тұжырымдар ғылымға қарсы.


Мемлекеттерде қайта вакцинациялауға арналған ұсыныстар әзірленіп жатқанда, вакцинацияға қарсы қозғалысты жақтаушылар «ревакцинацияның салдарымен» қорқытуда. Желіде векторлық вакцинамен қайта егу иммундық жүйенің сарқылуына және өлімге әкелетінін айтқан Ростов-на-Дону дәрігері Татьяна Шарковскаяның видеосы тарады. Оның айтуынша, өлім вакцинациядан немесе ілеспе инфекциядан болады. Бірақ автор бұл мәлімдемелерді ешқандай дәлелдермен растамайды.
«Бәлкім, қателескен шығармын, онда басқа тәжірибелі иммунологтар мені түзетер, бірақ иммундық жүйе туралы білетіндігіме сүйене отырып, (…) мен векторлық вакцинамен ревакцинация жүргізу дененің жансыздануына әкеледі деп айта аламын», – дейді Татьяна Шарковская.
Бұл пікір ғылымға қарсы. Вакциналар адамның иммундық жүйесін әлсіретпейді, оны болашақта инфекциядан қорғау үшін белгілі бір патогенге – патогендік вирусқа немесе бактерияға әсер етуге үйретеді.
Ревакцинация алғашқы вакцинация сияқты – иммунитетке вируспен күресуге көмектесу үшін жасалады.
Ревакцинация халықты сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін аурудың тұрақты өсуі жағдайында қажет. Әр түрлі елдерде қайта егу бойынша ұсыныстар әзірленуде.
Бұған дейін біз ДСМ МФБК дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, иммунолог Павел Дерябинмен бірге вакцинациядан кейін «иммунитет ұйықтап қалатыны» туралы фейкті ҚР жоққа шығардық.
«Алдымен, иммунитет реакциясы өте ерекше екенін атап өткеніміз жөн. Антигендер мен антиденелердің өзара әрекеттесуі ерекшелігі жағынан екінші биологиялық өзара әрекеттесу болып табылады. Демек, вакцинация айырықша иммунитет тудырады. Бұл иммунитет вакцинада қолданылған иммуногенге қарсы бағытталған, яғни ол басқа инфекциялардан қорғамайды және басқа иммуногендерге иммундық реакция тудырмайды. Менің ойымша, вакцинация иммундық жүйені әлсіретеді немесе оны қорғансыз етеді деп айту сауатсыздық немесе, халықты вакцинациялау процесіне қарсы тұру үшін арнайы жасалған жалған ақпарат», – деді сарапшы.

Фейк: «Вакцинациядан кейін иммунитет елітеді»

Барлық вакциналар жаппай қолданар алдында қауіпсіздігі мен тиімділігі жағынан тексеріледі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button