Сұхбат

Фейк: «Вакцинациядан кейін иммунитет елітеді»

Мессенджер қолданушыларын COVID-19 қарсы вакцинацияның «салдарымен» қорқытуда. Қазақстандықтар бір-бірімен бөлісіп жүрген хабарламада екпе вируспен өзі күресіп, иммунитетті еліттіріп жібереді делінген. Белгісіз авторлардың айтуынша, кейіннен вакцинацияланған адамдардың бәрі вакцинациясыз өмір сүре алмайды. StopFake.kz ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, иммунолог Павел Дерябин бірге бұл фейкті жоққа шығарады.

– Павел Николаевич, екпе «өзі күреседі», иммунитет жұмыс істемейді деп айту қаншалықты дұрыс?
– Бұл мәлімдеме мүлдем дұрыс емес. Алдымен, иммунитетт реакциясы өте ерекше екенін атап өткеніміз жөн. Антигендер мен антиденелердің өзара әрекеттесуі ерекшелігі жағынан екінші биологиялық өзара әрекеттесу болып табылады. Демек, вакцинация айырықша иммунитетті тудырады. Бұл иммунитет вакцинада қолданылған иммуногенге қарсы бағытталған, яғни ол басқа инфекциялардан қорғамайды және басқа иммуногендерге иммундық реакция тудырмайды. Менің ойымша, вакцинация иммундық жүйені әлсіретеді немесе оны қорғансыз етеді деп айту сауатсыздық немесе, халықты вакцинациялау процесіне қарсы тұру үшін арнайы жасалған жалған ақпарат.
Мысалы, адамның қалыпты ішек микрофлорасын алайық. Онда миллиардтаған болмаса, миллиондаған иммундық жүйемен өзара әрекеттесетін әртүрлі ағзалар бар. Бұл иммундық жүйенің тұрақты белсенділігін ынталандыратын адамның қалыпты микрофлорасының функцияларының бірі. Мұны бір кішкентай антигенді енгізумен салыстырайық. Жалпы, иммундық жүйе үшін бұл аз жұмыс. Иммундық жүйенің көптеген антигендерге бірден жауап бере алатындығы бұрыннан дәлелденген. Біздің иммундық жүйеміз бір уақытта әртүрлі иммуногендерге жауап бере алатындығының арқасында үш валентті, төрт валентті, метивалентті, алты валентті және жеті балама вакциналар әзірленді. Осыған байланысты вакциналар бірден 7 түрлі инфекциядан қорғай ала ма деген көптеген пікірталастар болды. Мұндай вакциналарды тек ірі өндірушілер ғана жасап, шығара алды. Сонымен қатар, бір антигенді немесе бірден жетеуін енгізсек те, иммундық жауап дамитыны дәлелденді. Сондықтан вакцинаны адам ағзасына енгізу иммундық жүйенің күшін сарқып, бізді қорғансыз етеді деп айту – бұл жай ғана сауатсыздық және негізсіз деп тағы да айтамын.
– Вирустық мутация кезінде вакцинацияның тиімділігі айтарлықтай төмендей ме?
– Вирус өзгерген кезде вакцинацияның пайдасыз болатынына келетін болсақ, бұл жерде дау айту қиын. Мәселе вирустың қалай өзгеретінінде. Вакцинация үшін вирустың антигендік өзгермеуі маңызды. Яғни, вирустың серологиялық немесе антигендік нұсқасы өзгермеуі тиіс. Атап айтқанда, коронавируста қорғаныс иммундық реакциясы пайда болатын осындай өнімді ақуыз S-ақуызы болып табылады. Нақ осы S-ақуыздың өзгермегені маңызды. Бұл вирустың басқа көрсеткіштері өзгеруі мүмкін, сондай-ақ, мутация нәтижесінде пайда болатын әртүрлі биоварлар болуы ықтимал. Мысалы, Британдық, Оңтүстікафрикалық және үнді штамдары. Бірақ қазіргі уақытта бұл мутациялар антигендік құрылымның өзгеруіне әкелетіні туралы ешқандай мәлімет жоқ. Вакцинация антигендік құрылым өзгерген жағдайда пайдасыз болуы мүмкін. Оны тұмаудан жақсы білеміз. Жаңа антигендермен жаңа штамм пайда болғанда, яғни антигендік дрейф болған жағдайда, бұл тұмау вирусы емес, басқасы болады. Бақытымызға орай, коронавирустық инфекциямен, атап айтқанда SARS-Cov-2-мен мұндай үрдіс әлі байқалған жоқ.
Вирустың антигендік өзгергіштігі – белгілі процесс. Мысалы, АҚТҚ-ны алайық. Ол ағзаға енеді, содан кейін оған қарсы иммундық реакциялар мен вирусты бейтараптандыратын антиденелер пайда болады. Бірақ антиденелердің пайда болу процестеріне және иммундық реакцияның қалыптасуына кететін уақыт ішінде вирус өзгереді. Соның салдарынан ағзада қалыптасқан антиденелер оларды тудырған вирусты таппай қалады. Себебі вирустың басқа антигендік нұсқасы қалыптасады. Коронавирустық инфекцияда мұндай өзгергіштік еш жерде тіркелген жоқ.
Коронавирус штамдарына келетін болсақ, олардың пайда болуы әлі белгісіз. Негізінен, барлығы осы штамдардың жұқпалы екендігін айтады. Яғни, вирустың биологиялық қасиеттері мен оның вируленттілігі туралы. Бүгінгі таңда вакцинация SARS-Cov-2 вирусының айналым штамдарынан жеткілікті дәрежеде ұзақ қорғауды қамтамасыз етеді.
– Вирус мутацияға ұшырағаннан кейін бірден екпе салдыру керек пе?
– Академик Гинцбург бұған дейін мәлім еткендей, бүгінгі зерттеулер вакцинациядан кейінгі иммунитет кем дегенде екі жылға созылатынын көрсетті. Тиісінше, келесі вакцинациядан вирустың өзгеру-өзгермеуіне қарамастан өтеміз. Бір-екі жылдан кейін қайта екпе салдыруымыз қажет. Бірақ сол кезге дейін айналымдағы вирус өзінің антигендік құрылымын өзгертсе және вирустың жаңа антигендік нұсқасы пайда болса, онда әзірлеушілер вакцинаны дайындау технологиясына өзгерістер енгізеді. Бұл міндетті түрде біз қолданылып жатқан вакциналарды модификациялау кезінде ескеріледі.
– Сондай-ақ, хабарламада жаңа вирусты вакцина жасаушылардың «шығарғаны» айылған. Бұл мүмкін бе?
-SarsCov-2 вирусының қолдан жасалғандығына ешқандай дәлел жоқ. ДДСҰ комиссиясы Уханьда жұмыс істеді және бұл вирустың пайда болуы жабық зертханадан шығарылуына байланысты екенін растамады. Табиғат адамның қолынан келмейтін дүниелерді жаратады.
– Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдістері қандай?
– Коронавируспен күресудің ең тиімді әдісі – вакцинация. Қазір ең бастысы, барлық азаматтарға, әсіресе дәрігерлерге, мүмкіндігінше тезірек вакцинациялану керек екенін атап өткім келеді. Егер тәуекел-пайда коэффициентін алсақ, коронавирустық инфекцияның пайда болу қаупі әлдеқайда жоғары. Бүгінде пайда болған штамдардың коронавирустық инфекцияның ауыр клиникалық түрлерін тудыратынын, өлім-жітімнің жоғарылағанын көріп отырмыз. Ауруды емдеуден гөрі, оның алдын алған жақсы. Бүгінде елімізде осындай мүмкіндік бар. Коронавирусқа қарсы вакциналар бар. Қазақстанда вакцинация деңгейі 10-12 миллионға неғұрлым тез жетсе, ұжымдық иммунитет соғұрлым тез қалыптасады. Сонда пандемия кезінде қолданылуы тиіс көптеген шектеу шараларын алып тастай аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button