Фейк: «Қазақстандықтарды қауіпті химикаттармен улайды»
Қазнет қолданушылары масаларды улау жұмыстарын қауіпті химикаттар шашып жатыр деп ойлаған. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ақ сұйықтық бүркіп жатқан жүк көлігінің видеосы таралды, онда «бізді өлтіріп жатыр» деп жазылған. Бұл өтірік.
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бейнероликке қатысты түсініктеме берді.
– Бұл масаларды улау бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар. Оны жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың өтінішімен жүзеге асырады. Бұл жұмыстар адамдардың денсаулығына әсер етпейді, өйткені қолданылатын барлық құрамдар сертификатталған және өңдеу барысында барлық талаптар сақталады, – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Қазақстандықтар бұған дейін де зиянкестерге қарсы жүргізілген өңдеу жұмыстарын қауіпті химикаттар шашуда деп айтып келген. Біз Алматы тұрғындары қалада жасыл желектерді өңдеу жүргізілгендіктен дабыл қаққандығы туралы жазған болатынбыз.