Фейк: «Коронавирус АҚШ-та маймыл жасушаларын қолдана отырып жасалды»
Қазақстандықтар тағы бір қастандық теориясын таратуда. Бұл жолы Telegram чаттарында доктор Джуди Миковицтің SARS-CoV-2 коронавирусы АҚШ-та маймыл жасушалары негізінде жасалған деген сөзі айтылып жүр. Бұл жалған.
Доктор Джуди Миковиц COVID-19 пандемиясына қатысты абсурдтық мәлімдемелерімен танымал. Ол пандемия туралы жалған ақпараттың болуына байланысты көптеген интернет-платформаларда бұғатталған «Пландемиялық ақылсыздық» («Пландемическое умоповрачение») атты атышулы фильмінің авторларының бірі.
Сондай-ақ, ол медициналық маскалар тағу «вирусты белсендіреді» және COVID-19 SARS-CoV-2 коронавирусы емес, ретровирустың бір түрі себеп болып табылатынын ашық айтты.
Бұл мәлімдемелерді фактчекерлер де, ғалымдар да бірнеше рет жоққа шығарды.
Оның SARS-CoV-2 коронавирусының америкалық зертханада жасалып, содан кейін Уханьға жеткізілгендігі туралы теориясына ешқандай дәлелдер жоқ және бұл ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.
Бұл вирустың пайда болуын бүкіл әлем ғалымдары зерттеудіе Мамандардың басым бөлігі патоген табиғи түрде пайда болды және гендік инженерия өнімі емес дегенмен келіседі. Nature medicine журналында бір жылға жуық уақыт аралығымен жарияланған екі мақала осыған арналған.
Басқа ғалымдардың тәуелсіз ғылыми зерттеулері де вирустың табиғи шығу тегіне сүйенеді.
Уханьда тергеу жүргізген ДДСҰ мамандары патогеннің зертханада жасалу теориясы «екіталай» деген қорытындыға келді.
Бүгінгі таңда SARS-CoV-2 коронавирус геномы толығымен ашылған және баршаға қол жетімді. Маймыл жасушаларын қолдану арқылы қолдан жасалды деп айтуға негіз жоқ.
Сонымен, Джуди Миковицтің SARS-CoV-2 коронавирусының пайда болуы туралы пікірін сенімді дереккөз деп санауға болмайды. Ол бұған дейін де COVID-19 пандемиясы туралы ғылымға қарсы және негізсіз теориялар таратқан. Патогеннің пайда болуын зерттеген ғалымдар оның зертханада жасалғандығына толық дәлелдер таппады және оның табиғи түрде пайда болғаны туралы болжамды қолдайды.