Рим папасы «вакцина алмағандар жұмаққа түспейді» деп мәлімдемеген
Желі қолданушылары Рим Папасы Францисктің COVID-19 қарсы егілмегендерді жұмаққа жібермейді деген сөзіне наразы. Шын мәнінде, Рим Папасы бұлай айтпаған.
Жұмаққа «түсудің» жаңа түрі туралы жаңалық алғаш рет The Babylon Bee сатиралық сайтында шыққан. Бұл портал шынайы жаңалықтарды жарияламайды, ал авторлар бұл сайттағы «мәлімдемелер мағынасыз» деп жазады.
Алайда, бұл жазбаға қарамастан діни бағыттағы украиналық «Ата-аналар комитеті» басылымы жаңалықты сатира екенін көрсетпей жариялаған. Газетте Францисктің COVID-19 қарсы вакцинадан бас тарту «ең үлкен күнә» деген сөздері келтірілген. Бұл хабарлама әлеуметтік желілерде тарады.
Ватиканның ресми сайтында Папаның мұндай мәлімдемелері туралы ақпарат жоқ.
Қорыта айтқанда, бұл Рим Папасының мәлімдемесі емес, жай сатиралық сайт авторлары ойлап тапқан әзіл.