Fake News

Фейк: «СOVID-19 – көшелерді улы заттармен өңдеу нәтижесі»

Қазнет пайдаланушылары көшелерді санитарлық өңдеу мәселесін тағы да көтеруде. Бұл жолы олар COVID-19 – бұл вирустық ауру емес, көшелерді ПГМГ (полигексаметиленгуанидин) деп аталатын затпен санитарлық өңдеудің нәтижесі деп мәлімдейді. Бұл олай емес.


Бұған дейін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті COVID-19, пневмония мен өкпенің зақымдануын санитарлық өңдеу үшін пайдаланылатын құралдар тудыруы мүмкін деген хабарламаларды жоққа шығарған болатын.
– Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды және басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау үшін уытты емес және денсаулыққа қауіпті емес заттар пайдаланылады. Барлық құралдар сертификатталған, тізілімге енгізілген және қолдану бойынша нақты нұсқаулықтары бар, онда санитарлық өңдеуге арналған ерітінділерді дайындау пропорциялары көрсетілген, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Фейк: «Автобустарды санитарлық өңдеу өмірге қауіпті»

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 мамырдағы қаулысына сәйкес елімізде тек екі гуанидті дәрі-дәрмек қолдануға рұқсат етіледі. Бұл «Ультрадез Форте» және «Необак плюс». Бұл заттар таза түрінде қолданылмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, оларды заттардың концентрациясы сәйкесінше 1,0% және 0,1% аспайтындай сумен араластырады. Сондай-ақ қаулыда экспозицияның максималды уақыты көрсетілген. Бұл «Ультрадез Форте» үшін 30 минутты және «Необак плюс» үшін 60 минутты құрайды. Осылай пайдаланған жағдайда бұл заттар адамдар үшін зиянсыз.
Айта кетейік, бұл заттардың ешқайсысы көшелерді, ойын алаңдарын, кіреберістерді, аялдама павильондарын және аула аумақтарын өңдеу үшін пайдаланылмайды. Тұрақты дамуға көмектесу экологиялық орталығының деректері бойынша, бұл мақсаттар үшін ел өңірлерінде адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін концентрациядағы құрамында хлор бар ерітінділер ғана пайдаланылады. 
ДДСҰ санитарлық өңдеуді COVID-19 алдын алудың ең тиімді шараларының бірі деп таныды.
Дезинфекция және зарарсыздандыру адамзатқа XIX ғасырдың аяғынан бастап белгілі. Осы шаралардың арқасында дәрігерлер медицинада нақты серпіліс жасады. Яғни, ережелер бойынша және нормативтерді сақтай отырып жүргізілетін санитарлық өңдеу қауіпті емес және індет кезінде оны елемеуге болмайды.
Дезинфекциялық құралдар COVID-19 тудыруы мүмкін емес. Бұл вирустық ауру, оның қоздырғышы SARS-CoV-2 коронавирусы болып табылады.
Қорыта айтқанда, пандемия дезинфекциялық заттармен уланудың нәтижесі деген теория ғылымға қарсы және негізсіз. ҚР аумағында санитарлық өңдеу үшін улы заттар қолданылмайды, ал COVID-19 – қоздырғышы вирус болып табылатын ауру.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button