Қазақстанда пара алуды қылмыс деп танымау туралы ұсыныс жасалған жоқ
Facebook қолданушылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжановтың тоғыз миллион теңгеге дейінгі параны қылмыс деп танымауды ұсынғаны туралы «жаңалықты» талқылауда. Оларды сыйлық деп санау керек екен. Бұл фейк.
Дереккөз – @kazinform24 сатиралық аккаунты.
Бұл парақшада шынайы жаңалықтар жарияланбайды. Бұл туралы профилінде айтылған: «Сатиралық контент. Фейк жаңалықтар», – делінген сипаттамада.
Демек, Марат Ахметжановтың ұсынысы туралы ақпарат шынайы емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында мұндай жоспарлар туралы хабарламалар жоқ.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.