Fake News

Фейк: «Instagram аккаунттарды жойып тастамас үшін барлық аккаунттарды растауды талап етеді»

Қазақстандықтар WhatsApp-та Instagram-да аккаунттары бар барлық адамдар верификациядан өтіп, пайдаланушы атының жанында көрсетілген ерекше көгілдір белгіше алуы тиіс деген ақпарат таратуда. Әйтпесе, әлеуметтік желі әкімшілігі расталмаған аккаунтарды біржола жою құқығын пайдаланады екен. Бұл өтірік.


«Ақпарат авторлары аккаунтты верификациялап, көк белгішені алу» үшін Instagram аккаунтының логині мен парольін көрсетуді қажет ететін қорғалмаған сілтеме бойынша өтуді ұсынады.
Шын мәнінде, мұндай хабарламалардың авторлары – алаяқтар. Бұл туралы KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге ден қою қызметі хабарлады.
Олар өздерінің ресми сайтында осындай хабарламалар фишинг екендігі туралы ақпарат жариялады.
– Алаяқтар жалған Instagram аккаунттарын жасап, сіз жазылған аккаунттарды бұзып, сізден ақша мен жеке деректерді сұрауы мүмкін, – делінген порталда.
Instagram-ның Анықтама орталығының ресми сайтында аккаунттарды міндетті түрде верификациялау туралы ақпарат жоқ. Керісінше, порталдағы нұсқаулыққа сәйкес, көк верификациялық белгішені қалауыңыз бойынша және бірқатар талаптарды сақтаған кезде алуға болады.
KZ-CERT қызметінің мамандары алаяқтардың құрбаны болмау үшін Instagram-ның аккаунтыңыз туралы ақпараты бар ақпаратты ешқашан Direct-ке жібермейтінін естен шығармауға кеңес береді. Егер әлеуметтік желі әкімшілігінен хат алған болсаңыз, онда оның түпнұсқалығын соңғы 14 күнде сізге Instagram жіберген барлық хаттар көрсетілген баптау түймесін басып тексеруге болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button