Fake News

Фейк: «Ванга COVID-19 қарсы вакциналар салдарынан болатын өлімді болжады»

Қазнет қолданушылары болгар көріпкелі Ванганың кезекті «болжамымен» бөлісуде. Онда ол COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинацияны сипаттаған екен: «Адамдар өлімге кезекке тұрады, содан кейін келе жатып, құлайтын болады». Бұл жалған.


Ванганың мұндай мәлімдемелер жасағаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Ванганың үлкен энциклопедиясында 2020, 2021, 2022 және 2023 жылдарға арналған болжамдар жоқ. 
Бұл күндерге жақын болжамдар 2018 және 2024 жылдарға жасалған. Көріпкел 2018 жылы адамның күші мен денсаулығын қалпына келтіретін ерекше дәрі пайда болады деп болжады. Препарат жылқы, тасбақа және ит гормондарынан тұруы тиіс еді. Мұндай дәрі әлі де жасалмағаны белгілі.
Ванганың айтуынша, 2024 жылы Ресейде бейбітшілік пен әл-ауқат дәуірі басталады, ол 1000 жылға созылады. Бүгінгі таңда көріпкелдің айтқаны шын ба, жоқ па, белгісіз.
Бұған дейін желіде коронавирустық пандемияға қатысты болгар көріпкелінің тағы бір жалған болжамы тараған болатын. Пайдаланушылар мен кейбір БАҚ «болжамды» былай деп келтірді:«Адамзат үшін өте маңызды оқиға бес екілік жылында болады. Айналы жыл келгенде бүкіл әлемге қиын болады. Қиындық «сарыдан» келеді. Планетада қысқа уақыт ішінде көп адамның өмірін қиятын өткенде болған қорқынышты ауру тарайды. Олар көшеде келе жатып, құлап, өледі».
Алайда, Ванганың бұл сөзінің шын екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк: Ванга пандемияның болатынын айтқан

Айта кетейік, Ванганың нақты болжамдары да әрдайым орындалмайды. Болгария Ғылым академиясы жанындағы София суггестология институтының профессоры Величко-Добриянов көріпкелдің сәуегейлігіне талдау жасады. Нәтижелер көрсеткендей, келушілермен өткізілген 18 әңгімелесуде ол олардың өмірінен 823 оқиғаны болжаған. Олардың 445 – і шынайы, 288-І балама болып шықты, яғни оларды екі жолмен түсіндіруге болады, ал 90-ы орындалмады.
Мысалы, Ванганың орындалмаған болжамдарының ішінде 2008 жылы қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап табу бар. Кейбір БАҚ – та көріпкел бүкіл Еуропаның күйреуін және 2016 жылы қорқынышты соғыстар болады деп болжағаны хабарланды. Бақытымызға орай, олай болған жоқ.
Қорыта айтқанда, Ванганың бұқаралық егу және соның салдарынан болатын өлім – фейк. Көріпкелдің пандемия және оны тудырған ауруға қарсы вакцина әзірленетіні туралы нақты айтқанына ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button