Фейк: «Омикрон нұсқасы тек толық егілгендерге ғана әсер етеді»
Қазнетте SARS-CoV-2 жаңа «омикрон» нұсқасы толығымен егілген адамдарға ғана жұғатыны туралы ақпарат тарады. Ол Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) порталында жарияланған екен. Бұл фейк.
Жаңа «омикрон» нұсқасы туралы ақпарат CDC порталында бар. Мақалада оның тек COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандарға ғана жұғатыны айтылмаған.
Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу көрсеткендей, COVID-19 қарсы вакцинаның екі дозасы «дельта» және «омикрон» нұсқаларына қарсы аса тиімді емес, бірақ бұл екпелер осы нұсқаларды жұқтыруға ықпал етеді дегеннің белгісі емес. Сондай-ақ, зерттеуде вакцинаның үшінші, үдеткіш дозасы вирус жұқтырған сынаққа қатысушылардың 75%-ын қандай да бір белгілердің болуынан қорғады.
Бұл тұжырымдар Pfizer компаниясы жүргізген зертханалық зерттеулермен расталады. Компанияның ресми сайтында жарияланған нәтижелер «омикрон» нұсқасынан тиімді қорғану үшін вакцинаның үш дозасы қажет болғанына қарамастан, препараттың екі дозасы аурудың ауыр ағымынан қорғай алады.
Осы сияқты тағы бір фейкте пайдаланушылар осы жылдың 10 желтоқсанында Reuters порталында жарияланған материалға сүйенеді. Оған сәйкес, АҚШ-тағы омикрон нұсқасын жұқтырудың 43 жағдайының 34-і толық вакцинацияланған адамдар құрайды. Алайда, материалда ауру жұқтырғандардың ішінде 14 адам халықаралық сапарларға шыққандығы айтылған. Сондай-ақ, мақалада вакцинацияға қарамастан вирус жұқтырғандардың бәрі жеңіл ауырғаны және шаршау, жөтел және жоғары емес температура сияқты белгілердің болғаны көрсетілген. Ауру жұқтырған 43 адамның біреуі ғана ауруханаға жатқызылды, бірақ мақала авторлары оның екпе салдырған-салдырмағанын нақтыламайды.
Сонымен қатар, материалда науқастардың ішінде алтауы бұрын COVID-19-бен ауырғаны айтылған. Демек, ауыру нәтижесінде қалыптасқан иммунитет осы нұсқаға қарсы аса қорғамайды.
Ғалымдар вакцинациямен де, ауыру нәтижелсінде қалыптасқан иммунитетпен де қамтамасыз етілетін қорғаныс деңгейінің төмендеуі «омикрон» нұсқасының көптеген мутацияларына байланысты екенін анықтады.
Яғни, «омикрон» нұсқасы тек вакцинацияланған адамдарға ғана жұғады деген тұжырым қате.