Fake News

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті газдалған сусыннан кейін баланың өліммен улануы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазнет қолданушылары педиатр Ринат Мұратовтың атынан хабарлама таратуда. Хабарламаға сәйкес, қазақстандық ауруханалардың бірінде «Тархун» сусынын ішкен бір бала көз жұмған, тағы біреуі реанимацияда жатыр. Бұдан әрі Қазақстанда сатылатын «қауіпті» өнімдердің тізімі ұсынылған. Бұл ақпаратты ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, бүгінгі таңда Қазақстанда тізімде жарияланған өнімдерден балалардың улану және қайтыс болу жағдайлары тіркелмеген. Сонымен қатар, бұл ақпарат бұған дейін 2019 жылы тараған боалтын. Сонымен қатар, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптары бойынша, сәйкес келмейтін (оның ішінде қауіпті) өнімдер туралы ақпарат ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде» жарияланған, – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Сондай-ақ, комитет ресми ақпарат көздеріне ғана сену керектігін еске салып, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.

Комитеттің қызметі туралы өзекті жаңалықтарды Facebook-те Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми аккаунтынан, сондай-ақ «Коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК» телеграмм-арнасынан білуге болады (t.me/kkkbtu).
Еске сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button