Желіде Киелі кітапқа енгізілген түзетулер туралы ескі фейк тағы да таралуда
Қазақстандықтар WhatsApp-та Ватиканда Киелі кітапқа бір жынысты некеге отыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізуді қабылдағаны туралы ақпарат тағы да таралуда. Бұл ескі фейк.
Киелі кітапқа түзетулер енгізу туралы ақпаратты 2021 жылдың тамызында «Панорама» ақпараттық агенттігі ойлап тапқан. Бұл шынайы жаңалықтар жарияламайтын сатиралық басылым.
Ватиканның ресми сайтында Киелі кітапты өзгерту немесе оған түзетулер енгізу туралы ақпарат жоқ.
Киелі кітапқа енгізілген түзетулер туралы хабарламаны «Проверено.Media» порталының фактчекерлері де жоққа шығарды. Олар сатиралық жарияланымда жазылған «Киелі кітапқа енгізілетін түзетулер», олар «үшінші оқылымда» қабылданды деген сөздердің өзі дұрыс емес екенін атап өтті.
Демек, ақпаратты шын деп қабылдаудың қажеті жоқ. Бұл Желіде кеңінен тараған ескі әзіл.