Манипуляция:«Жапония мен Оңтүстік Кореяда халықтың тек 10% – ы ғана егілгеніне қарамастан қатаң шектеулер жоқ»
Танымал қазақстандық Telegram-каналда Жапония мен Оңтүстік Кореядан үлгі алуға шақырады, онда қолданушылардың айтуынша, халықтың тек 10-15%-ы COVID-19-ға қарсы егілген. Алайда билік міндетті вакцинацияны енгізбейді және вакцина алмағандар үшін карантиндік шараларды күшейтпейді. Шын мәнінде, бұл мәлімдемелер манипуляция болып табылады.
Жапонияда жаппай егу науқаны ресми түрде биыл ақпан айында басталды, бірақ сәуір айының басына дейін Жапония азаматтарының өздері де, халықаралық ұйымдар да қатты сынға ұшырады. Бұл науқан өте баяу жүрді және вакцина жетіспеушілігі болды.
Осы жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін елде жалпы халықтың 2,37% – ы ғана вакцинацияланды. Дегенмен, қазір вакцинаны жеткізу жолға қойылды және екпе салдырған адамдардың саны күрт өсіп, ұлғайып келеді. Бүгінгі таңда Жапония тұрғындарының 20,21%-ы COVID-19-ға қарсы екпе алды. Күніне елде 400 000-нан 500 000-ға дейін адам вакцинацияланады.
Елде карантиндік шектеулер де бар. Жапония билігі COVID-паспорттарын енгізуді жоспарлап отыр, ал туристер келетін аймақтарға байланысты елге кіру қатаң шектеледі. Саяхатшыларда КВИ ПТР тестінің теріс нәтижесі броуы керек, ал елде болған кезде олар екі апта ішінде қозғалыстары туралы егжей-тегжейлі есеп беруі тиіс. Сондай-ақ, осы кезеңде туристерге қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салынады.
Ел тұрғындары үшін карантиндік шектеулер де қолданылады. Кейбір мекемелер әлі де жабық, қоғамдық орындарда бетперде тағу міндетті болып табылады.
Оңтүстік Кореяда осы жылдың ақпан айынан мамыр айының ортасына дейін вакцинация қарқыны төмен болды: осы кезеңде халықтың 7,86% – ы егілді. Кейін жағдай өзгерді. Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда ел азаматтарының 29,82% егілді.
Оңтүстік Корея үкіметінің вакцинация жоспары да бар. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін халықтың 70% – ын егу көзделген.
Биыл күзге қарай қажетті көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, елде карантиндік шектеулер бар, олар вакцина салдырғандар үшін жеңілдейді. Мысалы, Оңтүстік Кореяның екпе алған азаматтары үшін бетперде тағу міндетті емес. Вакцинацияланған туристер Оңтүстік Кореяға қатаң карантинге қарамастан келе алады.
Осылайша, Жапония мен Оңтүстік Кореяда вакцинация қарқыны Қазақстанға қарағанда жоғары. Бүгінде ел азаматтарының 16.41% екпе алды.
Жапонияда да, Оңтүстік Кореяда да карантиндік шектеулер бар, вакцина салдырғандар саны артқан сайын олар жеңілдейді. Бұл елдерде вакцинацияланған адамдар қоғамдық орындарда бетперде тақпайды және елге келгеннен кейін оқшаулану кезеңінен өтпеу мүмкіндігіне ие.
Қорыта айтқанда, Жапония мен Оңтүстік Кореяда вакцинацияның төмен қарқынына қарамастан қатаң карантин жоқ деген хабароамалар манипуляция. Вакцинация науқаны басында ғана баяу болды. Қазір бұл елдерде вакцинация қарқыны қазақстандық көрсеткіштерден асып түседі, ал вакцина алғандар үшін карантиндік шаралар жеңілдетіледіі.