Әлеуметтік желіде мәдениет министрінің фейк мәлімдемесі тарады
WhatsApp қолданушылары Қазақстанда Мәдениет және спорт министрі мефедронды заңдастыруды ұсынғаны туралы «жаңалықпен» бөлісуде. Бұл – фейк.
Мессенджерлерде авторын көрсетпей таратылып жатқан скриншот – бұл Instagram-да qaznews24 сатиралық паблигінің парақшасында жарияланған пост.
Авторларбұл хабарламаны ойдан шығарған және оның шындыққа ешқандай қатысы жоқ. Бастапқы дереккөзде qaznews24 аккаунты жариялайтын барлық жаңалықтар жалған және шындыққа жанаспайды деп көрсетілген.«Сатиралық контент. Адамдармен және оқиғалармен кез келген сәйкестік — абсолютті кездейсоқтық», – делінген парақшаның сипаттамасында.
Әзіл ретінде шыққан жаңалықтардың кейіннен бастапқы дереккөзге сілтеме жасамай, кеңінен таратылған жағдайлар бұған дейін де болған. Мұндай ақпараттарға сыни тұрғылан қарауға шақырамыз.