Вакцинациядан кейінгі адам жасушасында болатын өзгерістер туралы видео – фейк
Әлеуметтік желілерде тараған видеода микроскоппен қарағанда вакцинациядан кейін 10 минут ішінде адам жасушасында болатын өзгерістер көрсетілген. Шындығында, бұл адам жасушасы емес.
Үш минуттық роликтің басында кадр сыртындағы дауыс вакцина салдырғаннан кейін 10 минут ішінде адам жасушасы қалай өзгеретінін айтатынын жеткізеді. Бұл ретте видеода жасушаның микроскоппен түсірілген суреттері ауысып тұрады.
«Алдымен жасушада қара нүктелер пайда болады, ақ нүктелерді көпіршіктер басады. Содан кейін жасушалар арасындағы қосылыстар көрсетіледі, олар кристалдармен толтырылып, жабық жолдар түзейді. Энергетикалық және жүйке жолдары бітеліп, адам қайтыс болады. Жасушалар қосылып, тромбоз қалыптасады, яғни өлім гені пайда болады», – дейді комментатор.
Бірақ микроскоп астындағы жасушаның қандай екені белгісіз. Айта кетейік, ересек адамның денесінде жасушалардың 230-ға жуық түрі бар – бұлшықет тінінің жасушалары, эпителий, секреторлық жасушалар, жыныстық және т.б. Роликті жасаушы зерттеліп отырған материалдың қандай жағдайда алынғанын да айтпайды.
Роликте қолданылған видео 2021 жылдың тамызында @RumMosern атты пайдаланушының Youtube каналында жарияланған екен. Сипаттамасына қарасақ, бұл оның авторы деп пайымдауға болады.
Пайдаланушының айтуынша, микроскоп астында Pfizer-BioNTech өндірушісінің Comirnaty вакцинасы көрсетілген.
«Осы 11 минут ішінде вакцинамен не болатыны қызық, көп сұрақ туындайды. Бұл сұрақтарға саналы түрде кім жауап бере алады? Өтінемін, ешқандай болжам жасамаңыздаршы. Шам сәулесінің температурасы Цельсий бойынша 30 градус болды. Ұлғайту 28 X 8», – делінген видео сипаттамасында.
Демек, бұл видеоның адам жасушаларына еш қатысы жоқ. Роликте қолданылған кадрлар Цельсий бойынша 30 градус температурада зарарсыздандырылмаған жағдайда вакцинамен не болатыны ғана көрсетілген (егер бұл шынымен вакцина болса). Бұл кадрлар роликте вакцинацияға қарсы адамдардың ғылыми қарсы теорияларын ілгерілету қолданылған.
Еуропалық дәрілік заттар агенттігінің деректері бойынша ашылмаған Comirnaty екпесінің кейбір ампулаларын еріткеннен кейін тоңазытқышта (2-ден 8 ° C-қа дейінгі температурада) өте төмен температурада бір айға (31 Күн) дейін сақтауға болады.