Fake News

Фейк: «Білім министрі түлектерге Қазақстаннан кетуге кеңес береді»

Instagram-да ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерге елден кетуге кеңес бергені туралы хабарлама таратылуда. Бұл сатиралық аккаунтта жарияланған фейк.


Шын мәнінде, Асхат Аймағамбетов «Мүмкіндігінше Қазақстаннан кетіңдер. Әрқашан да қайтып келуге болады» деп айтпаған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп атап өтті ведомстводағылар.

Министрдің ерекше «кеңесі» туралы жаңалықтың түпнұсқасы qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунтында жарияланған. Парақшаның сипаттамасында жазылғандай, онда тек ойдан шығарылған жаңалықтар ғана беріледі.
«Қазақстандағы фейк-ньюс. Қоғам және саясат. Сатиралық мазмұн. Барлық сәйкестіктер кездейсоқтық», – делінген профильде. 


Қазнетте мұндай дереккөзсіз сатиралық контент бұған дейін де тараған. Біз әзіл ақпараттың нақты жаңалық ретінде ұсынылғаны туралы жазған болатынбыз.

PS Мәтін 8.06. 2021 жаңартылды. Instagram-пабликтің qaznews24 атауы qazinform24 болып өзгертілді

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button