Fake News

Фейк: «Англияда бір жыл ішінде қайтыс болғандардың 95%-ы COVID-19-ға қарсы егілгендер»

Әлеуметтік желілерде Англияда бір жылдағы өлім-жітім көрсеткіші туралы статистикалық мәліметтер талқылануда. Қайтыс болғандардың 95%-ы COVID-19-ға қарсы егілгендер, ал 94%-ы вакцинаның үш-төрт дозасын алғандар екен. Бұл жалған ақпарат.

Фейк хабарламада 2022 жылдың 1 маусымынан 2023 жылдың 31 мамырына дейінгі кезең туралы айтылған. Айта кетейік, Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасы (IRS) өзінің ресми сайтында алты ай сайын барлық себептерден болған өлім-жітім туралы мәліметтерді жариялайды. Бір есепте Англия мен Уэльс бойынша ақпарат ұсынылады. Адамның жасы, коронавирустан болған, COVID-19-бен байланысты емес, сондай-ақ вакцинация мәртебесіне байланысты барлық өлім-жітім есепке алынады.

Кезеңді кеңейтіп, 2021 жылдың сәуірінен 2023 жылдың мамырына дейінгі деректерді талдайтын болсақ, Англия мен Уэльстегі барлық себептерден болған өлім-жітім егілмегендер арасында COVID-19-ға қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алғандарға қарағанда жоғары болады.

Биыл ақпан айының басында Желіде Ұлыбританияда пандемия кезінде вакцинацияланғандар арасындағы өлім-жітім артты деген фейк ақпарат тараған болатын. Reuters фактчекерлері IRS-тен түсініктеме алды. Басқарманың баспасөз қызметі: «COVID-19 қарсы вакцинацияның осы өлім-жітім деңгейінің жоғарылауымен байланысты екендігіне ешқандай дәлел жоқ» деп хабарлады.

Reuters-ке Ұлыбританияның өлім-жітім туралы үздіксіз тергеу бөлімі де осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. Өз ведомствосының есебіне сүйене отырып, төрағаның орынбасары Стюарт Макдональд Англияда 20 мен 44 жас аралығындағы жастар мен 45 пен 64 жас аралығындағы орта жастағы адамдар арасында артық өлім-жітім жоғары екенін айтты. Оның сөзінше, бұл топтар ең аз егілген.

«Вакцинациямен қамту деңгейі жоғары және ревакцинация жиі жүргізілген ересек топтарда салыстырмалы түрде артық өлім-жітім төмен болады. Вакциналардың аурудың алдын алғаннан гөрі көп зиян келтіретініне бірде-бір нақты ғылыми дәлел жоқ. Менің көргенім бойынша, олар зиянның айтарлықтай төмендеуіне әкелді», – деді Стюарт Макдональд.

Ұлыбритания дәрігерлерінің пікірінше, коронавирустық инфекцияның ұзақ мерзімді салдары және пандемия кезінде профилактикалық дәрі-дәрмектердің болмауы артық өлімге себеп болуы ықтимал.

British Heart Foundation (BHF) қайырымдылық ұйымының есебіне сәйкес, пандемия басталғаннан бері Англияда басқа ауруларға қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болған өлім-жітім көп тіркелді.

Ұлыбританияда COVID-19 қарсы вакцинация мен өлім-жітімнің жоғарылауы арасында себеп-салдарлық байланысқа ешқандай дәлел жоқ. Вакцинацияланған адамдар егілмегендерге қарағанда жиі өледі деген мәлімдеме де жалған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button