Жаңалықтар

Сатиралық аккаунттағы фейк: «Қазақстандық студенттерге шетелде түсірілген фото мен видеоны желіге жүктеуге тыйым салынады»

Қазнетте ҚР ІІМ шетелдегі студенттерге, оқушыларға, басқа елдерде өмір сүру сапасының жоғары екендігі туралы баяндайтын фото, видео және мәтіндік хабарларды жариялауға тыйым салуды жоспарлап отырғаны туралы жаңалық тарады. Бұл хабарлама – шындыққа жанаспайтын сатира.


Тақырыбында жоспарланып отырған тыйым туралы айтылған хабарлама алғаш рет qaznews24 Instagram-паблигінде жарық көрді. Сонымен қатар, парақшаның профилінде жарияланған жаңалықтардың барлығы жалған екендігі көрсетілген. «Сатиралық контент. Адамдармен және оқиғалармен болған кез келген сәйкестік – кездейсоқ жағдай», – делінген парақшаның сипаттамасында.


Сондай-ақ, парақшада қытайлық суретшінің 1981 жылы Қайрат Нұртастың дүниеге келетінін болжағаны және оның мыңдаған ізбасары бұл ақырзаманның белгісі деп сенгені жайлы ақпараттар бар.
Тағы бір жаңалықта, Алматы әкімдігі қалада түтінтұманды азайту үшін Құдаймен келіссөздер жүргізу мақсатында ең мықты балгерлерді жинағаны айтылған. Келесі бір жарияланым ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту жөніндегі бағдарлама аясында контрацепция құралдарын қасақана бүлдіру ниеті туралы.

Бұл ақпараттардың Казнет пайдаланушыларын қызықтыру үшін жазылғаны және ешқайсысының ақиқат еместігі белгілі. Мұны контент жасаушылардың өздері жоққа шығармайды.
Сатиралық аккаунттар жиі фейк дереккөзіне айналады, өйткені пайдаланушылар ақпараттың шығу тегін әрдайым тексере бермейді. Мұндай хабарламалардың авторына мұқият назар аударуға шақырамыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button