Фейк: «Вакциналар кенеттен өлімге әкеледі»
Қазнетте Александр Редьконың видео тарады. Ол өз сөзінде вакциналар ересектерде кенеттен қайтыс болу синдромын тудырады деп айтады. Видеода басқа да бірқатар жалған мәлімдемелер бар.
Алдымен Александр Редьконың кім екенін және оның мәлімдемелеріне неге сенбеу керектігін айтып өтейік. Ол өзін профессор және академик деп атайды. Алайда, Редько – мүшелерді ғылыми жарияланымдар негізінде емес, ақшалай жарнамен қабылдайтын Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Мысалы, Рамзан Қадыров пен Юрий Куклачев та РЖҒА академиясының мүшелері. Көбінесе псевдоғылым мен қастандық теориясын жақтаушылар РАЕН мүшелері болады.
Александр Редько вакцинацияланған адамдар мутантқа айналады, ал вакциналарда генетикалық белсенді материалдар бар деген ғылымға қарсы пікірлерімен танымал.
Бұл жолы ол КВИ қарсы вакциналарға қатысты бірден бірнеше тезис айтты.
- The Lancet комиссиясының басшысы Sars-CoV-2 вирусының зертханада жасалғанын мойындады.
Бұл шындыққа жанаспайды. Біріншіден, Джеффри Сакс – экономист және ол вирустың шығу көзін анықтай алмайды. Екіншіден, ол өз еңбегінде SARS-CoV-2 вирусының қайдан шыққанын білмейтіні туралы жазды және ғалымдардан барлық ықтимал теорияларды тексеруді сұрайды.
- COVID-19 қарсы вакциналар кенеттен қайтыс болу синдромын тудырады
Бұл өтірік. Ересектердің кенеттен қайтыс болу синдромы адамзатқа пандемияға дейін белгілі болды. Бұл термин бұрын жүрек-қан тамырлары ауруларының белгілері болмаған адамда кенеттен инфаркт болғанда қолданылады. Мұндай жағдай көбінесе 31-ден 35-ке дейінгі жас ер адамдар арасында болады, олар жүрек талмасына дейін аурудың белгілерін елемейді немесе байқамайды. Ғалымдардың айтуынша, 2016 жылы пандемияға дейін төрт жыл бұрын кенеттен қайтыс болу синдромы нәтижесінде Австралия мен Жаңа Зеландияда 490 адам көз жұмды.
COVID-19 қарсы вакциналар аталған синдромның даму ықтималдығын арттырмайды. Бұл ғылыми зерттеулермен дәлелденген.
- Әнші Пьер Нарцисс вакцинациядан кейін қайтыс болды
Бұл өтірік. Артистің өлімінің себебін оның жұбайы осы жылдың маусым айында жария еткен болатын. Әнші құяң ауруының асқынуынан қайтыс болды, ол дертті медициналық көмекке жүгінбей емдеуге тырысқан.
Демек, Александр Редько өзін тағы да жалған ақпарат көзі ретінде көрсетті. Ол айтқан тезистер жалған және ғылым мен объективті шындыққа қайшы келеді.