Fake News

Қазнетте пандемия туралы фейктер топтамасы тарады

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам COVID-19 пандемиясы болған жоқ, бұл ауруға қарсы вакциналар қауіпті және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде билік орнатпақ деп мәлімдейді.  Бұл пікірлердің кейбірін егжей-тегжейлі қарастырайық.

  1. COVID-19 ауру емес және пандемия болған жоқ.

COVID-19 – бұл әлем бойынша шамамен жеті миллионға жуық адамның өміріне себеп боғлан нақты ауру. Оның қоздырғышы – ғалымдар 2019 жылдың желтоқсанында анықтаған SARS-CoV-2 коронавирусы. Оның геномы толығымен ашылып, патоген табылғаннан көп ұзамай зерттелді. Қазір онымен бәрі таныса алады.

Пандемия бұл белгілі бір әлемдік элитаның қастандығының нәтижесі деген пікір – фактчекерлер әлдеқашан жоққа шығарған фейк.

  1. COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін дәрігерлер қорқынышты және өлімге әкелетін аурулардың көбейгенін байқады.

Бұл олай емес. Біріншіден, әлемде ауыр аурулардың артқанын, екіншіден, оның COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысы барын дәлелдейтін объективті статистика жоқ.

  1. COVID-19 қарсы вакциналар ағзада улы ақуызды қалыптастырады.

Бұл олай емес. Қолданыстағы кейбір препараттармен егудің нәтижесінде ағзада коронавирустың S ақуызы қалыптасатыны рас, бірақ бұл күтпеген жайт емес. Керісінше, мұндай реакция вакцинацияның мақсаты болып табылады. Бұл ақуызды тану арқылы адам ағзасында антиденелер қалыптасады, осылайша ауру жұқтырған жағдайда қорғау қамтамасыз етіледі. Өндірілген S ақуыздары улы емес және видеода айтылғандай ағзада «белгісіз уақыт» сақталмайды. Ағзада өндірілетін кез келген басқа ақуыздар сияқты, ол бірнеше апта ішінде ыдырайды.

  1. Болашақта барлық вакциналар мРНҚ платформасына ауыстырылады.

Бұл дәлелсіз. Әлемде әртүрлі платформаларда жасалған вакциналардың түрлері көп. Олардың құрамы мен әсер ету принциптері препараттың қандай ауруға қарсы әзірленгеніне байланысты. Барлық вакциналарды бір үлгіде және бірдей құрамда жасауға болмайды. Бұл жағдайда кейбір вакцинациялар тиімділігін жоғалтуы мүмкін.

  1. ДДСҰ елдерді бақылауына алмақ

Бұл олай емес. Мұндай идеяларды қастандық теориясын жақтаушылар таратады, іс жүзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдерді егемендігінен айыру арқылы билікті басып алу мақсаты жоқ. Фактчекерлер бұл туралы бірнеше рет жазған болатын. 

Демек, роликте айтылған негізгі тезистер жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button