Fake News

Манипуляция: «Жаппай вакцинация басталғалы жүздеген адам қайтыс болды»

Қазнет пайдаланушылары Telegram мессенджерінде Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтында табылған құжатты талқылауда. Онда COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлері туралы есеп берілген. Кестелерде өлім-жітім жағдайлары да көрсетілген. Бұл манипуляция.


Бұл кестелер – Yellow card жүйесінің апта сайынғы есептері. Онда вакцина алған және өзін нашар сезінген немесе белгілі бір медициналық процедуралардан өткен азаматтардың ерікті өтініштері жазылған. Сонымен қатар, сайтта азаматтардан вакцинацияға ешқандай қатысы болмаса да, пайда болған барлық белгілер туралы хабарлауды сұрайтындығы көрсетілген.
– Өтініш білдірушілер сезінген көптеген жағымсыз реакциялардың вакцинациямен еш байланысы жоқ. Көбінесе вакцина жасау мен жағымсыз сезінулер бір уақытта болған – бұл жағдайлардың дәл келуі», – делінген жүйенің жұмыс істеу механизмінің сипаттамасында.
Қорытындыда екпе алған адамдарға жасалған хирургиялық араласулар туралы, тіпті олар қолданатын контрацепция әдістері және одан кейінгі вакциналар туралы мәліметтер келтірілген. Мұндай құбылыстар вакцинацияның салдары бола алмайды, дегенмен олар туралы айтылғандықтан, бәрі есепте көрсетілген.
Кейін мамандар дайын есептерді зерттеп, вакцинациямен байланысы жоқ жағдайлар мен оқиғаларды алып тастайды. Қалғандарын COVID-19 қарсы препараттардың болжалды жанама әсерін дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін мұқият тексереді.
Айта кетейік, Yellow Card есептерінде тек Astra-Zeneca және Pfizer/BioNTech шығарған вакциналар туралы ғана айтылады. Олардың бірде-біреуі Қазақстанда қолданылмайды. Біздің еліміздің азаматтарына «Спутник-V» препараты егілуде.
Қорыта айтқанда, жаппай вакцинация басталғалы жүздеген адам қайтыс болды деген мәлімдеме көбіне иммундауға мүлдем қатысы жоқ тексерілмеген мәліметтерге негізделген. Оның үстіне, сипатталған препараттар біздің елімізде қолданылмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button